1. Оқытушы туралы мәліметтер


Сабақ немесе сызықша таты



бет18/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Сабақ немесе сызықша таты.Ауру қоздырғышы–Puccinia graminis Pers.,бірнеше маманданған формаларға жіктеледі: P. graminis f.sp.triticiбидайды, кейде қарабидайды залалдаса, f. sp.secalis– қарабидай мен қатар арпа және жатаған бидайыққа;f.sp.avenea– сұлы мен қарасұлыға маманданған.Бұл ауру бидай мен арпа егістеріндекей жылдары орманды-дала аймағындабайқалады, эпифитотия жылдары дала аймағынада таралады.Республиканың оңтүстік өңірінде күздік бидай егістерінде сирек кездеседі.
Ауру белгілері сабақтың буынаралықтарында, кейде жапырақ қынабтарында ,ұзынырақ, қызғылт-сары немесе күрең урединийлердентұратын сызықшалар ретіндебайқалады.Урединиоспоралардың реңі қызғылт-сары, пішіні сопақтау, беткі қабықшасында ұсақ бедерлер бар, мөлшері 21-35х12-20 мкм.Залалданған өсімдік мүшелерінде жаздың соңына қарай урединийлердің орнына жылтырлау қара телийлер пайда болады. Телиоспоралар 2 жасушалы, ұршық немесе түйрегіш тәріздес, жоғарғысы жуандау, біртегіс қабықшамен көмкерілген, реңңі күңгірт-қоңыр, мөлшері27-77х13-22 мкм. Олар а стық дақылдарының жиын-теріннен кейінгі қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өніп, базидия мен базидиоспоралар түзеді, соңғылары бөріқарақатты залалдайды. Солтүстік өңірдекей жылдарыауру қоздырғышы урединиомицелий ретінде күздік бидайда немесе еркекшөпте қыстап шығады, көктемде тіршілігі жанданып, ауру белгілері өсімдіктер сабақтана бастаған кезде байқалады.Эций және спермогоний сатылары бөріқарақатта дамитын сабақ татының формасы көптеген астық тұқымдас шөптермен қатар, арпаны залалдайды, бірақ бидайға жұқпайды. Жапырақта немесе сабақта тамшы ылғал болса,ауру қоздырғышының споралары өне бастайды.Қолайлы температурада (23-270С) ауру белгілері 7-9 тәуліктен кейін байқалады. Кей жылдары еліміздің солтүстік аймағында шілде айының соңына қарай, немесе тамыздың бірінші жартысындаауру қоздырғышыжаздық бидайға таралып, жиын-терінге дейін бірнеше урединийұрпақ береді.
Сабақ таты бидайдың аса зиянды ауруына жатады. Буынаралықтар мен жапырақ қынабтары және масақ қауызында түзілетін көптеген урединийлердің әсерінен су мен қоректік заттардың масаққа тасымалдану қарқыны төмендейді,қалыптасқан физиологиялық және биохимиялық үрдістер айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде дәннің байлануы мен салмағы төмендейді.бидай бұл ауруға ертерек - түтіктену сатысында шалдықса, шығын мөлшері 40-50%- ға дейін жетуі мүмкін. Оның т белгілері дән сүттене бастаған кезде байқалғанның өзінде үсімділігі5-10% аралығында төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет