1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет20/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Ақұнтақ. Қоздырушысы - Asсomycota класының Эризифалылар қатарына жататын Erysiphe graminis .,(син: Brumeria graminis Speer.)Бұл саңырауқұлақтың бидайға f.s. tritici формасы маманданған, қарабидайға – f.sp. secalis.Ауру оңтүстік пен оңтүстік- шығыс және батыс өңірлерде күздік және жаздық бидайдың суармалы егістерінде, солтүстік орманды дала және онымен шектесіп жатқан дала аймақтарында және шығыста таралған. Оның белгілері жапырақтармен қатар сабақ буынаралық тарында, кейде дән қауыздарында саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдір ақ үлпек ретінде байқалады. Конидиялар сағақтар ұшында бір-біріне тізбектеле орналасады. Олардың реңі түссіз, цилиндр немесе бөшке тәріздес, мөлшері 25-40 х 8-10 мкм.Жаз бойы ауру қоздырғышы конидия сатысында дамып,бірнеше ұрпақ береді, нәтижесінде егіске тез таралады. Кесел жайлаған жапырақтарда хлорофилл мөлшері, фотосинтез және протеаза ферментінің белсенділігі төмендейді, азотты қосылыстар көбейеді, олар мезгілінен ерте қурайды. Осының салдарынан дән толыспай, салмағы мен қатар сапасы да төмендейді. Жаз соңында саңырауқұлақ мицелийлер жиынтығы нығыздалып, сұрғылт тартады, киіз тәріздес өңезге айналады, пішіні шар тәріздес жеміс денелері –клейстотецийлер,олардың ішінде бірнеше қалташалар, ал әрқайсысында сегізден,пішіні эллипс тәріздес,мөлшері 20-23 х11-13 мкмаскоспоралартүзіледі.Көктемде жеміс денелеріндегі аскоспоралар пісіп-жетіліп, ауа ағынымен егістіктерге таралады, тамшы ылғал болған жағдайда жапырақтарда өніп, өсімдік ұлпасына енеді. Солтүстік және шығыс өңірлерде ауру қоздырғышы мицелий жиынтығы ретінде күздік бидай мен қарабидайда қыстап шығады. Жаздық бидай егісінде кей жылдары маусымның соңына қарай немесе шілде айының бірінші онкүндігінде байқалады. Соңғы айдың екінші жартысында, немесе тамыздың бас кезінде көбінесе температура жоғары (30-350С), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болатындықтан аурудың дамуы бәсеңдейді. Осы мерзімде жаңбыр жиі және ұзақ жауып, ауаның температурасы көп жылдық деңгейден да төмен болса да аурудың дамуы тоқырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет