Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы, саны, сипаты мен тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн.
666-бап. Кемшіліктерді тапсырысшының есебінен жою
1. Құрылыс мердiгерлiгi шартында тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн.
2. Шарттың нысанасымен тiкелей байланысты болмаған немесе өзiне қатысы жоқ себептермен мердiгердiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда мердiгер осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тартуға құқылы. 2. Бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Шалмағанбетов, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, науқастануына байланысты, аудандық сот Шалмағанбетовқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін, оны мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға жібереді.
1. Соттың шешімі дұрыс па?
2. Жазасын өтеп жатқан адамның шалдығуына байланысты жазадан босату негіздерін атаңыздар.
3. Осы сұрақты қай сот, қандай тәртіппен шешеді.
4. Ауруға шалдығуына байланысты жаза өтеуден бостаылатын азамат, ауру себептерін айтып үкіметтен өзінің денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру қажеттігін айтып шағымдануға құқылы ма? Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу бірнеше сатыларды қамтиды. Яғни, Шалмағанбетовке жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, науқастануына байланысты деп бірден оны маандандырылған медициналық ұйымға жіберуге болмайды. Себебі, бұл жөнінде ҚПК-нің 509 бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздері көрсетілген. Бұл бапта:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты iстер бойынша жүзеге асырылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының дерттi бұзылулары өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндігімен байланысты болған жағдайда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша iс жүргiзу осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен және осы тараудың ережелерiмен айқындалады -, деп көрсетілген.
Яғни, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының дерттi бұзылулары өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндігімен байланысты болған жағдайда ғана тағайындалады деп көрсетілген. Біріншіден, болған мән-жайлар анықталып, тергеу істері жүргізіліп қаулы шығарады. Сонымен қатар, дәлелденуге жататын жағдайларды да атап көрсетеді. Ол туралы ҚПК-нің 510 бабында: