6) Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдары — мемлекеттік шекарадағы заңға қарсы өзгерістер туралы істер бойынша (ҚР ҚК 331-баптың 1-бөлігі); 7) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша (ҚР ҚК 256-бап). Заңда анықтау өндірісі балама жүргізілетін істер бойынша жағдайлар көзделген. Олар мына істер бойынша: а) Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту туралы істерді шекара қызмет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді (ҚР ҚК 330-бап);
б) алаяқтык туралы (ҚР ҚК 177-баптьщ 1-бөлігі), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зала келтіру туралы (ҚР ҚК 182-бап, 1-бөлік), жалған құжаттарды мөр таңбаларды мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу туралы (ҚР ҚК 325-бап, 1-бөлік) істер бойынша қозғалған қылмыстық істерді ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді. Анықтау екі түрде болуы мүмкін: