§ 3. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін калыптастыру; онын, саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды камтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттін істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылык жасау; саяси және басқа қатынастарды бакылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудын түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялык, республикалык), ашық не жабык (басқа мемлекеттерден окшауланып, қоршауланып алған, автаркиялык) қогамды күру, қоғамдык тәртіп пен тұрактылыкты колдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек кою және дер кезінде шеілу; қоғамдык келісімге, мәмілеге келу жәнет. б.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейдс ұйымдастырылып, жұмыс істейді: I) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мсн ұйымдар, саяси партиялар меи қоғамдык ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді камтитын және аймактық, облыстық, аудандык шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа үжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, аркауы болып табылатын, саяси және қоғамдык өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кішідеңгей.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" аркылы жүргізеді. Сондыктан мүны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мүндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылык бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сиякты көрінеді, Мұндай түсінік субъекті енжарлыкка, керенаулыкка әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. жатады дедік. Бірак. олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондыктан мүндай кұқыкадамдардың, ұжымдардың, партиялардын, таптардың, топтардын белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бүдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.
Демократиялықсаяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үілін, әдетге, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармакка бөледі. Онын негізін салушы ағылшын ойшылы ДжонЛокк( 1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689-1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) зан шыгарумен, оны бекіту, өзгерту иемесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салык салуды аныктайды, үкіметті тагайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс апіып жоне армияны камтамасыз етеді, сауданы реттейді, соны ұйымдастырады, халыкаралык келісімшарттарды кабыл-дайды, саясаттын маңызды ішкі және сыртқы бағытын айкындайды. Онын жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялык кадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды зан шығарушы өкілдік органдар калыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктін бакылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы занға негізделіп, заң шенберінде іс істеуі керек. Сырттай караганда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірак. іс жүзінде ол саяси жүйенін маңызды бөлігіне айналған және қоғамдык өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер кабылдайды (біраколар конституция шеңберінде бо-луы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзегеасырады.
Соттық билік адамдардың кұкығын қорғайды, занды бұрмалаушылыктан сактайды, парламентне президент кабылдаған заңдардың, конституциялык жарғылардың сәйкестігін аныктайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер калыптастырады. Ол зан шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек занды ғана басшылыкка алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органныңнемесекызметадамыныңшешімінконституцияғакарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттын манызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шагым арыз беруге кұкығы жатады.
Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін камтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мүндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алкасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөніиде ІІІешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдарлын арасында ор түрлі көзкарастар бар. Олардын кейбіреуі бплік санын кобемткісі келсе, екішпілері кеміткісі келеді.
Билік сапын кобейткісі келгендер төртінші билік деп акпарат күралдарын атайды. Олардың казіргі кезде, омірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостанлығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледиларды пайдалану мүмкінлігі камтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының осуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін калт жібермей әшкерелеп отырса (сондыктан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұндаса, шынында да, төртінші билік емей немене?
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мүнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар сотыда бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсы бір елдерде қарамағында аппараты бар бас бакылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр. Кейбіреулер биліктін ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.
Сонымен катар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясатқерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінін алдынғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталык (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.
Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырулын мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты біркатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтканда: 1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мскемелер түрінде умымдасқан, темен шенділердің жоғары шенділергс ба-ғынышты болып, араларында билеу-багыну кдтынастары ориаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анык, ашықкөрсетілмеген) биліктіңтүрі (мәсе-лен, саяси ассоииациялардағы билік. биресми топтарды және т. б. басқару); 2) жүмыс істеу саласына байланысты билік саяси жәнесаяси емес болып болінеді. Мысалы, сонгысына "жомоми-халық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады; 3) құқықтық шегіне, қүдіретінің молшері мен саласыма карай билік мемлекстгік, ассоциатинтік (партиялык, топтық, жергілікті әкімшіліктіп жаис'І. б. билігі) болып.сырткы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халыкаралык билігі болып жіктеледі; 4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметгік, соттық, дербес (монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. — президенттік), ұжымдык (партиялық, басқарушы топтардың алкалық, халыктық, таптық және т. б. билігі) болып топталады; 5) колданылатын әдіс, төсіліне қарай үстемдік, озбырлык, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметгіктүріне қарай феодалдык, буржуазиялык және т. с. с. билігі болып жүйеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |