1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет8/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 6. XX ғасырдағы саяси ілім
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бүл системада байлык пен билік тоғысып, аттөбеліндей байлардың кұдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-ондірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында Батыс еддерінде салидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л. Дюгидщ (\ 859— 1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін ат-каруы, қоғамның ынтымактастығы мен уйлесушілігін камта-масыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдык бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің колайсыз жактарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.
Дюги халықтың егемендігін сынады, оған жаңа саяси жүйе ретінде "синдикалистік федерализмді" қарсы қоңцы. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталык мекемелердің кейбір басқару міңдеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді іс жүзінде шешетін билік әр түрлі синдикаттарға бөлініп беріледі. Орталық үкіметтің жүмысы барлык синдикаттардың өкілдерінен курылған заң шығарушы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылайша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымақтастық күралына айна-лады.
Біздін ғасырымызда кең жайылған аристократиялықтеория-нын бірі —элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ен жаксы, іріктелген. сұрыпталган, тандаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірак жаңа жағдайда оны жаң-рыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндықсаясат-шылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардыңойынша, халык өзін-өзі басқара алмайды, оған кабілеті, бейімі жетпейді. /; Моска (\ 856—1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-карсы екі талтың— үстемдік жүргізуші азшылык-(элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, нбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп ІҮСІНДІРеді- Ол демократияға карсы шыкты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясатган хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым депсанады.
В. Парето( 1848—1923) "Жалпы социология жөніндегі трактат" деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдык саласында тамаша табыска жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерініңалғашкы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірак билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан тандаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және революция аркылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бүл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.
XX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қаддырган немістін көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Мақс Бебер(\86А—1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметініңприципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері — қоғамның шаруашылык өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материаддық және идеологиялык мүдделері мен діни сананың араларында кандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретіндесанады.
Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзкарасына қарсы шығып, таптықерекшеліктер мен жағдайлардын көп кырлы болатынды-ғьінабаса назараударды. Билікке қатынасыиа, мәртебесіндегі ай-ырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, ДШи және идеологиялықбелгілеріне қарай бөлуді меншік қаты-настарынан туатын өзгешеліктер сиякты өте-мөте маңызы бар Деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптын әр түрлі ^оптарының мақсат-мүдделеріндегі айырмашылыктардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға улкен мән берді. Өзі өмірсүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппараттың арасындағы күрес-тен пайда болады деп ұкты. Ол социалистік қоғамдык қатынас-гардын жеңуіне сенбеді, оған бюрократиянын өте мыктылығы туралы тезисті карсы койды. Болашак қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердіңдиктатурасы болады деді. Ол казіргі әлеуметтанудын дамуына айтарлықтай ыкпал етті.
Империалистік буржуазиянын мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытка фашизм жатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлык-зомбылыктың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін катан кадағалау және т.б. Сырткы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бүл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі кауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікгі геофафиялык кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сон-дай жерді карудың күшімен камтамасыз етуі керек. Бұл реакция-шыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыкка алса, казір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жана фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.
XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясылзмьщы. Ол — мемлекет тарапынан қоғамнын және әр адамзаттың өмірін катаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлык мемлекет қоғаммен түтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адам-ның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттін құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сөз еткенде толығырақ токталамыз.
XX гасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыс-тырганда мүнда жана кағидалар енеді. Оны жактаушылар мемлекеттін реттеушілік кызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы олеуметтік әділеттілікті орнатуга, орташа тапты калып-тастыруга елеулі көңіл бөледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекетгік реттеуте карсы. Керісінше, ол ештс-ңеге араласпауы керек, шексіз босеке бостандығы берілгені дұрыс дсп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналык. кызмет көрсетуді, жұмыс-сыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жактайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.
Сонымен, саясаттанудын қалыптасуы мен дамуының кыскаша тарихы осындай. Оны білмей, адамзат тарихынын бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны окып-білу — казіргі қоғамдык және саяси құрылыстын мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын аныктауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, кұкыктық мемлекет күруьіна белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет