2) «Жанды табиғат»
2.1 Өсімдіктер
|
1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау;
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау
|
2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау;
2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;
2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру;
2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау;
2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру;
2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру
|
3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;
3.2.1.4 адамның
іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
|
4.2.1.1 қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтау;
4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.1.3
тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау;
4.2.1.4 тұқым таралу жолдарын сипаттау;
4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату;
4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
|
2.2 Жануарлар
|
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру
|
2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;
2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;
2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;
2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының
өзгеруін түсіндіру;
3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау
|
4.2.2.1 өз өлкесіндегі жануарларды жіктеу;
4.2.2.2 бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.2.3 өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату;
4.2.2.4 симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру;
4.2.2.5 қоректік тізбектің құрылымын түсіндіру;
4.2.2.6 белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбек моделін құрастыру;
4.2.2.7 жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру;
4.2.2.8 ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсатын түсіндіру
|
2.3 Адам
|
1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін
анықтау
|
2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау;
2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
2.2.3.3 бұлшықеттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;
2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;
2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау
|
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.4 қанайналым
жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру
|
4.2.3.1 зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
4.2.3.2 жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
|
|