1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Кәсіби тарихшы Ермахан Бекмаханұлы Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы



бет52/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

35.Кәсіби тарихшы Ермахан Бекмаханұлы Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы

  • Ермахан Бекмаханов Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген.1937 жылы Ресейдегі Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітірген .1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, яғни 1966 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінде қазір Әл Фараби атындағы ұлттық университетте өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарған. Ең танымал ірі еңбегі "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы  Мәскеуде  тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Бұл еңбегі Кенесары Қасымұлы  бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағаланып , оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан кейін 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Ермахан Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, Гулагтың -тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Ермахан Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.Ақталғаннан кейін "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі Анна Панкратованың баға жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.1966жылы «ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы очерктері» еңбегі жарық көреді. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Ермахан Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары жарық көрді.Тарихшы ғалым Ермахан Бекмаханов 1966жылы өмірден озды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет