«№16 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 -2019 оқу жылына арналған



бет17/89
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#75720
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
Шешу жолдары:

  1. Оқушылардың білім сапасын көтеру, дарынды және нашар оқитын оқушылармен жұмысын жақсарту мақсатында әкімшілік жұмысын қайта қарастыру, белсендендіру, жүйелендіру.

  2. Мектепішілік бақылау жоспарында физика, алгебра, химия,қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінің оқыту жағдайын бақылауға алу, жоспарлау.

  3. Барлық оқытушылар үшін біркелкі ЗДУВР құрастыру және мониторингтердің жаңа формаларын енгізу.

Қорытынды:
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
Мектепте ҰБТ-ға дайындық бойынша жоспар құрылды. Оқу жоспарының вариативті бөлімі есебінде ҰБТ-ға дайындық үшін математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі, биология, физика пәндері бойынша сағаттар бөлінді. Бесінші таңдау пәні бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылды.
ҰБТ-ға оқушыларды 8 оқытушы дайындады, оның ішінде 7-уі жоғары санатты, 1 мұғалім бірінші санатты.
Мектепте әдістемелік жұмыс жүелі түрде жұмыс істейді. 2017-2018 оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы мынадай әдістемелік тақырыппен жұмыс істеді: «Жаңашыл педагогикалық және АКТ технологиялар негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тиімді дамыту»
Мақсаты; Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеруін қамтамасыз ету үшін жағдай құрастыру, инновациялық технологияларды қолдану және пәндерді оқыту.
Шешімдер:
- оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды енгізуді жалғастыру,
- білім беру процесін одан әрі ақпараттандыру, және мектеп педагогтарының педагогикалық шеберлігін жетілдіру жалғастыру
Мектепте проблемалар мен мәселелерді шешу үшін, басқару шешімдерін қабылдау үшін, мұғалімдердің оқу-әдістемелік біліктілігін арттыру үшін әдістемелік қызмет құрылды. Мектептің әдістемелік қызметінің негізі ретінде ғылыми-әдістемелік кеңес болып саналады, оның қызметіне мыналар кіреді:
- Мектепті дамыту үрдісін ұйымдастыру
- ғылыми-зерттеу және инновациялық процестерді ұйымдастыру, осы процестердің дамуын бақылау және оларды басқару.
- жоғары оқу орындарымен, БЖИ, облыстық білім беруді және тәрбиелеуді дамыту орталықтарымен ғылыми байланыс орнату
- «Жыл Мұғалімі» сайысына, байқауларға білім беру мекемелері мен «Үздік мұғалімдер» конкурстарына қатысатын, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін және басқа да кәсіби сайыстарға қатысатын мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету
- әдістемелік қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша деректер банкін құру.
Мектептің әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары әзірленді. Әдістемелік кеңесінің отырыстарында келесі мәселелер бойынша шешімдер талқыланып, қабылданды:
- мектептегі инновациялық қызметті ұйымдастыру, жүзеге асыру және бағалау,
- мектептің ОҒҚ қызметін ұйымдастыру
- педагогтардың кәсіби шеберлігін дамуының мониторингі
- ҚР тілдер туралы заңды іске асыру.
Әдістемелік жұмыс диагностикалық, аналитикалық және түзету жұмыстары бойынша құрылған. Әдістемелік қызметтің құрылымы педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестігі және сынып жетекшілерді, медициналық, психологиялық, әлеуметтік және кітапханалық-ақпараттық қызметті, сондай-ақ мектепке жас мұғалімдерді қамтиды.
Әдістемелік жұмыс мектептің мақсатына, міндеттеріне сәйкес жүргізілді. Әдістемелік бірлестік мектептің әдістемелік тақырыбымен байланысты жұмыс істеді. ӘБ
отырыстарында келесі сұрақтар қаралды: нормативтік құжаттарды зерделеу әдістемесінің мәселелері, пәнді оқыту, талдау оқушылардың ББД қорытындысы бойынша қималарды және бақылау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік олимпиадаларға дайындықтары. ІСБ ұйым бақылау нәтижелері, аналитикалық материалдар, қорытындылар әдістемелік кеңесте, директордың жанындағы кеңестерде, пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінде қарастырылды.
Проблемалар мен анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Мектепішілік бақылау жоспарында барлық блоктар ұсынылды. МІБ жоспар құрылымы бекітілген, мақсаттары, объектілері, түрлері мен әдістері, жауаптылар, шығуы көрсетілген. әкімшілік, өндірістік кеңестер, педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңес хаттамалары, тұтастай алғанда МІБ жоспарына сәйкес келеді.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
Әдістемелік жұмыс формалары:

  • Тақырыптық педагогикалық кеңестер;

  • Әдістемелік кеңес;

  • Әдістемелік бірлестіктер;

  • Мұғалімдердің білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмысы;

  • Ашық сабақтар, оларды талдау;

  • Өзара сабаққа қатысу және сабақтарды талдау;

  • Пәндік онкүндік;

  • Педагогикалық мониторинг;

  • Сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша жеке әңгімелесулер өткізу;

  • Мұғалімдердің курстық дайындықтарын ұйымдастыру және бақылау;

  • "Жас мұғалімдер мектебі";

  • Мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату;

  • Мұғалімдерді аттестациялау;

  • Педагогикалық шеберлік конкурстары, әдістемелік бірлестіктің жұмыстары, портфолио;

  • Әкімшілік, өндірістік кеңестер.

Мектепте 8 пәндік әдістемелік бірлестік жұмыс істейді:



  1. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері - жетекшісі Бекхожина А.А. - жоғары санатты мұғалім;

  2. гуманитарлық цикл мұғалімдерінің жетекшісі Жусупова Д. Ж.-жоғары санатты мұғалім;

  3. ағылшын тілі мұғалімдері – жетекшісі Шарипова К. М. - екінші санатты мұғалім;

  4. жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жетекшісі Манашева Б. С.- бірінші санатты мұғалімі;

  5. Бейнелеу өнері, сызу және технология мұғалімдері- жетекшісі Елеукенова Г.Б..- екінші санатты мұғалім;

  6. математика, физика, информатика мұғалімдері - жетекшісі Узакпаева К. Х.- бірінші санатты мұғалімі;

  7. орыс сыныптарының бастауыш сынып мұғалімдері жетекшісі Баева Ю. В. - бірінші санатты мұғалімі;

  8. дене шынықтыру мұғалімдерінің жетекшісі, Лисовская Р. В. - бірінші санатты мұғалім.

Әдістемелік бірлестіктер жұмысы ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді, ӘБ жетекшілерімен жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді, ол ӘБ-нің мәжілістерінде қаралды.
Жыл бойы отырыстар жоспарланып, өткізіліп отырды, онда мына құжаттар қарастырылып, бекітілді:

  • күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар,

  • оқушыларға арналған аттестация материалдары: бақылау жұмыстарының үлгілері, нөлдік, жартыжылдық, жылдық және әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижелері талқыланды;

  • оқушылардың оқу мүмкіндіктері, пәндер бойынша үлгерім нәтижелері мен білім сапасы талданды;

  • оқушылардың пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылды;

  • мұғалімдердің кәсіби байқауларға, пәндік олимпиадаларға қатысулары қарастырылды

  • әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптар, пәндік онкүндіктер, көптілділік бағыттағы декада жұмыстын ұйымдастыру;

  • пәндік кабинеттерді безендіру;

  • тәлімгерлердің жас мамандармен жұмысы (ЖММ).

Нормативтік құжаттарға сәйкес барлық мұғалімдер бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарлармен жұмыс істеді. Әрбір әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында алдына белгілі бір мақсаттары мен міндеттерді қойды. ӘБ мұғалімдері өздігінен білім алу тақырыптарын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет