Дарынды балалармен жұмыс.
Мектеп бойынша дарынды балаларды анықтау, қолдау, дамыту және әлеуметтендіру жұмыстары жүргізілуде. Мектепте талантты және дарынды балалармен жұмыстың дәстүрлі формалары - пәндік олимпиадалар, байқаулар, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметі болды.
Биылғы оқу жылында 2-11 сыныптарда мектепішілік пән олимпиадасы, "Абай оқулары", "Махамбет оқулары", "Ақбота" зияткерлік сайыс, "Русский медвежонок", ғылыми жоба өткізілді, сондай-ақ мектеп оқушылары КИО"", "Зият", "BS-PRESS" қашықтық олимпиадаларына белсене қатысты. Дәстүрлі түрде жыл сайын мектеп оқушылары арасында пәндік мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - оқушы үшін өзіндік дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, белсенділігін, дербестігін дамыту, оқушылардың өздері шешім қабылдауға; дарынды балаларды анықтау және қолдау жасау; оқушылардың қалалық пәндік олимпиадасына қатысу үшін мектеп командасын құру үшін жағдай жасау болып табылады.
Барлығы мектепішілік пән олимпиадасына 458 оқушы қатысты.
Қалалық олимпиадаға қатысу нәтижелері:
Достарыңызбен бөлісу: |