1.Ылғалдылықтың организмдерге әсеріне талдау жасаңыз
Жануарлардың тіршілігіне тікелей немесе жанама ықпалын тигізетін негізгі фактордың бірі — ортаның ылғалдылығы. Су ағзадағы зат айнапым үрдісін қамтамасыз етіп, ағзаның барлық қызметтерінің қалыпты жағдайда дұрыс жүрілуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан денесіндегі ылғалдың теңдестігін сақтау жануарлар үшін аса маңызды. Жануарлар құрлықта, кейбірі суда тіршілік етеді. Ылгалдық үнемі тапшы болатын шөлді мекендерде тіршілік ететін жануарлар да аз емес. Әсіресе қүрлықта тіршілік ететін жануарлар ылғалдың тапшылығына үшырамауға эртүрлі жолмен бейімделген. Жануарлардың салмағының 70-ке жуық пайызын су құрайды. Әсіресе зат алмасуын үнемі екпінді жүргізетін жүйке жүйесі, бауыр сияқты мүшелердің жасушасының жалпы салмағының 80-85 пайызын су иеленеді. Осының өзі-ақ жануарлар үшін су қанша маңызды екенін баяндайды. Жасушадагы барлық судың 95 пайызын еркін су, 4-5 пайызын ақуызбен қосылыс түзіп байланысқан су құрайды. Судың жануарларга қажеттігі оның физикалық, химиялық қасиеттеріне жэне ағзаға атқаратын қызметтеріне байланысты. Судың ағзаға атқаратын төмендегідей қасиеттері мен қызметтерін атауға болады: - Су-элемдік табиғи еріткіштердің бәрінен артық еріткіш: көптүрлі заттарды ерітуге қабілеттілігі тұрғысынан судан артық ешбір сұйық жоқ. Жасушада жүрілетін көптеген химиялық реакциялар суда еріген иондардың эрекеттесіп, эсерлесуіне негізделген. Сондықтан да су заттардың ыдырау, түзілуі жүрілетін негізгі ортаның рөлін атқарады. - Су тек реакцияларды жүргізетін орта ғана емес, судың өзі эртүрлі реакцияларга тікелей қатысып эртүрлі күрделі заттарды түзеді. - Су ағзалардың жылуын түрақтандырушы, жылу мөлшерін реттеуші ретінде үлкен рөл атқарады. Бұл — судың жылу өткізгіштік, жылу сыйымдылық қасиеті жоғары жэне жоғары температурада (100°С) буланатын қасиеттеріне байланысты. Жылу сыйымдылығы жоғары болғандықтан сыртқы ортаның температурасы қалыпты деңгейден өте азайып, не өте көбейіп ауытқыған кезде, сол ауытқудың ағзаға тигізетін әсерін жүмсартады. Жылу өткізгіштігі — ағзаның барлық мүшесіне жылудың біркелкі таралуына жәрдемін тигізеді. Судың булану температурасы жоғары болғандықтан жануарлардың ішкі мүшелерінде пайда болған ыстық терлеген кезде буланған сумен бірге сыртқа бөлініп шығады да ыстықтаған денесі салқындайды. - Ағзаға қажетті заттар суда еріген ерітінді түрде жануарлардың әртүрлі үлпалары мен мүшелеріне тарайды, ап ағзаға қажетсіз зиянды заттар тагы да су арқылы аластатылады. Сондықтан судың тасымалдаушылық рөлі де аз емес. Ылгалдық сүйгіш қасиетіне сәйкес жануарларды гигрофильдер яғни ылғал сүйгіштер, ксерофильдер яғни қүрғақ сүйгіштер, мезофильдер яғни аралық топтар (ылғал сүйгіш пен құрғақ сүйгіш аралық мөлшерінде ылғал талап ететіндер) деген үш негізгі экологиялық топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |