Биосфера — тірі организмдер жайлаған Жер шары қабатының бөлігі, яғни атмосфера, гидросфера және литосфераның бөлігі. Биосфера (грекше bios — өмір, sphaira — шар, сфера) өмір сүруші ағзалармен бірге планетаның тірі затын құрушы, Жердің күрделі сыртқы қауашағы. Бұл адамды қоршаған табиғи ортаның негізгі компоненті, ең бір маңызды жер геосферасы.
«Биосфера» терминін ғылымға бірінші рет 1875 жылы енгізген австриялық геолог Э. Зюсс. Ол биосфераны Жер бетіндегі жұқа өмір пленкасы деп түсіндірген. Өмір сүру үшін біздің планетамызда биосфераның рөлі мен маңыздылығы сонша, тіпті XX ғасырдың үштен бірінші бөлігінде жаратылыстануда жаңа іргелі ғылыми бағыт — биосфера туралы ілім пайда болды, ал оның іргетасын қалаушы — орыстың ұлы ғалымы В. И. Вернадский.
Жер мен оны қоршаған орта Күн жүйесінің заңдылықпен дамуы нәтижесінде қалыптасқан. Шамамен 4,7 млрд жыл бұрын Күн жүйесінен шашыраған газ-тозаң тәріздес заттан Жер планетасы түзілді. Басқа планеталар тәрізді электромагниттік сәуле түріндегі энергияны Жер Күннен алады. Күн жылуы көптеген геологиялық үдерістердің дамуы үшін керек, Жер климатын негізгі құрушының біреуі. Зор жылу тасқыны Жердің тереңінен таралады.
Жаңа мәліметтер бойынша Жер массасы 6-1021 т, көлемі -1,083-1012км3, бетінің ауданы — 510,2 млн км2. Мөлшері шектеулі, олай болса, біздің планетамыздың табиғи ресурсы да шектеулі.
Біздің планета құрлысы біртекті емес және центрлес (геосфера) сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады. Ішкі бөлікке — ядро, мантия, ал сыртқыға — литосфера (жер қыртысы), гидросфера, атмосфера және Жердің күрделі қауашағы — биосфера жатады.
2.Ю.Одум заңының ережелерін сипаттап, мысал келтіріңіз В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды:
• - азғалар кейбір факторларға кең ауқымды (яғни,
толеранттық диапазондары кең) және басқа факторларга тар ауқымды төзімділікте (яғни, басқ а факторларға қатысты толеранттылық диапазоны аз) болуы мүмкін;
• - экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары
(диапазондары кең) азғалар әдетте табиғатта кең таралған;
• - егер түр үшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды
болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін. Мысалы, топырақ қүрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық түқымдастардың құрғақшылыққа төзімділігі төмендейді, сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қарағанда ылғалды көп қажет етеді. В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Экологиялық толеранттылыққа байланысты азғалар екі типке бөлінеді