1.​Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және пән ретінде. Экономика деген сөз грек тілінен алынған «oikonomike»


​Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық категория ретінде



бет15/34
Дата08.02.2022
өлшемі73,56 Kb.
#118982
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
2 Аралық бақылау жауаптары
2 Аралық бақылау жауаптары
17.​Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық категория ретінде.
Қоғамдық денсаулық – адамдар əл-ауқатының физикалық, əлеуметтік-экономикалық, психологиялық жəне т.б. түрлерін қамтитын өзара байланысты элементтер мен құрылымдар негізінде қалыптасатын күрделі ашық жүйе. Қоғамдық денсаулық категориясын денсаулықтың негізгі ресурстары адамдардың табысы, тұрғын үй мəселесі, тамақтануы мен өмір салты екенін ескере отырып, жүйелі бағытта қарастыру керек. Сондықтан денсаулықты жақсарту осы компоненттердің, сонымен қатар, денсаулықты жақсартатын экономикалық, физикалық, əлеуметтік жəне мəдени ортаның шарттарының тұрақтылығын талап етеді.
«Медицина əлеуметтануы» терминінің бірінші рет айқындалуын (1895 ж.) Ч.Мак-Интайр есімімен байланыстырады, дегенмен, денсаулық сақтаудың қоғамдағы орны туралы əлеуметтанулық талдау алғаш рет атақты саясаткер экономист У. Петтидің «Саяси арифметика» атты еңбегінде ұсынылған (1690 ж.).
əлеуметтанулық бағыт бойынша «денсаулық» түсінігін қарастыру кезінде, оның екі түрлі сипаттамасын айқындаймыз. Біріншіден, қоршаған орта мен адам арасындағы үйлесімділік міндеттемесі. Осы үйлесімділікті түсінудің субъективті жəне объективті сипаттамасы бар. Біріншісі адамның жəне қоршаған ортаның субъективті бағалауымен байланысты. Əр түрлі авторлардың нəтижелері сəйкес келмеуі мүмкін: субъект өзін үйлесімді, дені сау тұлға ретінде қабылдауы мүмкін, ал қоршаған адамдар науқас жəне қалыпты емес, жəне керісінше. Денсаулықты түсінудің екіншісі қазіргі білімнің деңгейімен шеттелген «денсаулықтың» салыстырмалы күйімен байланысты. Себебі қалыпты генетикалық кодтың барлық элементтерін толық білгенде ғана салыстыру үшін үлгі пайда болады. Ол уақытқа дейін, соматикалық денсаулықтағы, мінез-құлықтағы ауытқулар (айқын көрінетіндерінен басқа) индивидуалдық ретінде қарастырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет