2. Салқындатылған балықтар
- Салқындатылған балықтарды сапасы бойынша сорттарға бөлмейдi.
Балықтар ұрылмаған,бетi таза, дұрыс бөлiнген, табиғи бояулы, ашық- қызыл тұстi болады. Консистенциясы тығыз. Иiсi жаңа кұйiндегi балықтың қасиетiне тән. Балықтарды салқындатуға механикалық зақымданған, консистенциясы нашарлаған, әлсiреген, қышқыл немесе шiрiген иiстi балықтар жiберiлмейдi.
3. Мұздатылған балықтар
- Мұздатылған балықтарды сапасына байланысты 1 және 2 сорттқа
бөледi:
1 сортты балықтар әр тұрлi көректiк заттарға ие болады. Осетр балығы, семга, нельма, каспий және балтық лососьтары көректiгi жоғары. Балық бетi таза, табиғи бояулы. Балықты тұзды мұзда мұздатқанда қарайған немесе кұнгiртттенген, сыртқы бетi зақымданбаған, бiркелкi бөлiнген, немесе аз мөлшерде ауытқыған балықтарды жiбередi. Ерiткенде консистенциясы тығыз, иiсi жаңа балық тұрiне сәйкес, ақау бермейтiн белгiлердi қолданады.
2 сортты балықтар әртұрлi көректiк дәрежедегi, сыртқы бетi кұнгiрттеу болады. Майлы балықтарда терi қабығының сарғайғаны, етке өтпеген тұрлерi қолданылады. Бiркелкi бөлуден шамалы ауытқуы мұмкiн. Ерiткеннен кейiн консистенциясы әлсiздеу, желбезектерiнде әлсiз қышқыл иiстi, ал майлы балықтарда бетiндегi майда қышқыл иiстi болғаның жiбередi.
Достарыңызбен бөлісу: |