2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының


сурет. Аварияның негізгі көрсеткіштері төмендеді



бет51/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
2.1.3.3. сурет. Аварияның негізгі көрсеткіштері төмендеді

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ-нің Статистика департаменті

Халықаралық стандартқа өту кезінде ЖКО және жәбірленушілер параметрінің есебі өзгерді, сонымен бірге қазіргі күні келтірілген салдардың ауырлығына қарамастан барлық ЖКО тіркеу 100% қамтамасыз етіледі.


Бүгінгі таңда ЖҚЕ бұзудың алдын алу және болдырмау факторларының бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. «ЖҚҚ» ААЖ жобасы бойынша пайдалануға 104 пост берілді, оларға 659 бейнекамера қосылған, оның 411 - і тану камерасы және 248 шолу камерасы.
Көші-қон процесі ерекше бақылауда, ол қалада криминогендік жағдайдың жай-күйіне әсер етеді. Алматы қаласы тек Қазақстан Республикасының ғана емес орта Азияның да ірі қаржы және экономикалық орталығы, сондай-ақ үлкен еңбек базары болып табылады, криминалдық құрылымдар, заңсыз көші-қон және бизнес үшін тартымды болып қала береді.
Сонымен 2015 жылы 316 709 (2013 жылы - 174 956, 2014 жылы - 212 757) шетел азаматы Алматы қаласына келіп тіркелген, оның 81,3% (257 553) көрші шетел азаматтары құрайды.
Көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2015 жылы - 37626 (2013 жылы - 30631, 2014 жылы - 32073) құқық бұзушы тартылды, оның 1165 (2013 жылы - 314, 2014 жылы - 326) шетелдік мемлекеттен шығарылды.
Ішкі істер департаменті аудандық әкімдіктермен, қоғамдастықтармен бірлесіп, тұрғын үйлердің кіре берісіне, ауласына бейнебақылау камераларын орнатуға, тұрғын үй кешендері аулаларын және көшелерін жарықтандыруға жұмылдырылған, олардың сақталуын қамтамасыз етуде мүлік иелерін тартып, шабуылдайтын жедел алдын алу іс шараларын қабылдай отырып, «Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша іс-шараларды іске асыруда бірлескен жұмыс жүргізді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «Қауіпсіз аула» принципі бойынша 3905 көп пәтерлі үй, 3000 аула аумағы күзетіліп, онда 18 133 бейнекамера орнатылған.
Қалада 6 682 түрлі формадағы меншік объектілеріне 35 892 бейне камера орнатылған.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі және 2016 жылдың 6 айы ішіндегі дейінгі кезеңде Алматы қаласында 351 кезектен тыс табиғи және техногендік апаттар тіркелген (2013ж. – 134, 2014ж. – 97, 2015ж. – 84, 2016ж. 6-айына. - 36), олардың: 308 – техногендік (2013ж. – 119, 2014ж. – 89,2015ж. – 65, 2016ж. 6 ай ішінде - 35) және 43 – табиғи апаттардан (2013ж. – 15, 2014ж. – 8, 2015ж. – 19, 2016ж. 6 айы ішінде - 1) болған.
Төтенше жағдайда зардап шеккендер – 510 адам (2013ж. – 222 немесе 43,5%, 2014ж. – 114 немесе 22,5%, 2015ж. – 103 немесе 20%, 2016ж. 6-айына – 71 немесе 14%), олардан 136 адам қаза тапты (2013ж. – 41 немесе 30%, 2014ж. – 43 немесе 31,5%, 2015ж. – 42 немесе 31%, 2016ж. 6 айы ішінде – 10 немесе 7,5%).
Су тасқынына, селдер, көшкіндер, жер сілкіністеріне, өртке қарсы тұру үшін инфрақұрылымды дамыту деңгейі 22%-дан 51%-ға дейін өсті.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде және қалада 2016 жылдың 6 айы ішінде 2336 өндірістік және тұрмыстық өрт орын алды (2013ж. – 631, 2014ж. – 681, 2015ж. – 709, 2016ж. 6 айы ішінде - 315), зардап шеккендер - 234 адам (2013ж. – 68, 2014ж. – 69, 2015ж. – 67, 2016ж. 6 айы ішінде - 30), қаза тапқаны - 67 адам (2013ж. – 16, 2014ж. – 21, 2015ж. – 20, 2016ж. 6 айы ішінде - 10).
Апаттық құтқару барысында 251 адам құтқарылды (2013ж. – 105, 2014ж. – 67, 2015ж. – 50, 2016ж. 6 айы ішінде - 29), апат аймағынан қауіпсіз жерге 33 078 адам көшірілді (2013ж. – 9 944, 2014ж. – 9 476, 2015ж. – 9 743, 2016ж. 6 айы ішінде – 3 915).
Функционалдық міндеттерін әзірлеу мақсатында аға қызметкерлер мен бірлік 492 командалық-штабтық жаттығулары өткізілді (2013ж. – 462, 2014ж. – 0, 2015ж. – 0, 2016ж. 6 айы ішінде - 30), 61 кешенді жаттығу (2013ж. – 19, 2014ж. – 18, 2015ж. – 18, 2016ж. 6 айы ішінде - 6), 1465 нысанды жаттығулар (2013ж. – 328, 2014ж. – 443, 2015ж. – 355, 2016ж. 6 айы ішінде - 339), 1551 арнайы тактикалық ілім (2013ж. – 448, 2014ж. – 473, 2015ж. – 473, 2016ж. 6 айы ішінде - 157), 1 525 ауыл жаттығулары (2013ж. – 582, 2014ж. – 345, 2015ж. – 367, 6 айы ішінде 2016ж. - 231), 10 522 сейсмикалық жаттығу (2013ж. – 3 195, 2014ж. – 2 896, 2015ж. – 2 903, 2016ж. 6 айы ішінде – 1 528), 6 128 төтенше жағдайда жаттығулар (2013ж. – 1 752, 2014ж. – 1 993, 2015ж. – 1 993, 2016г. 6 айы ішінде - 390).
Қалалық біліктілікті арттыру және дамыту курстарында халықтың азаматтық қорғау саласындағы басшылары мен қауымдық білім беру оқытылды – 5 776 адам (2013ж. – 1 551, 2014ж. – 1 557, 2015ж. – 1 658, 2016ж. 6 айы ішінде – 1 010). «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС - да оқытылды – 108 адам (2013ж. – 26, 2014ж. – 34, 2015ж. – 26, 2016ж. 6 айы ішінде - 22).
«Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ базасында Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесіп 30 интерактивті сабақ өткізілді (2013ж. – 7, 2014ж. – 9, 2015ж. – 9, 2016ж. 6 айы ішінде - 5), 187 140 оқушылар қамтылды (2013ж. – 27 640, 2014ж. – 54 500, 2015ж. – 64 500, 2016ж. 6 айы ішінде – 40 500).
Алматы таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда мониторингті биылғы жылы сел және көшкін жүру қаупі бар өзендер бассейндерінде орналасқан тоғыз тұрақты және сегіз маусымдық гидрометеорологиялық бекеттер жүзеге асырды. “Қазселденқорғау” АҚПБ моренді өзендерде жөндеу мен сифондарды қосу, эвакуациялық каналдарды тазалау бойынша жоспарлық жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ жару және басқа да жұмыстар жоспарлануда.
2016 жылғы 6 ай ішінде «Қазселденқорғау» АҚПБ бірлесіп, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің бассейндері ошағында, сел ойықтарында, жоғары таулы морендік өзендерде және мұздықтардағы жағдай мен көшкін, ,тасқын қаупін кескінді бағалауды анықтау үшін 5 аэровизуалды ұшып шығулар жүргізілді.

ХҚН аймақтарында апат қаупін азайту үшін радиациялық және химиялық ластанудан халықты қорғау мақсатында жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні қалада 8 ХҚН және 1 радиациялық қауіпті нысан бар, қала бойынша аммиак мөлшері 18,95 тоннаны құрайды (2015 жылы – 19,15 тонна, 2014 жылы – 24,2, 2013 жылы - 26 тонна, 2012 жылы – 28,7 тонна).


Бүгінгі күні 1 405 нысанда өрт-техникалық зерттеу жүргізілді, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшін тексерулер қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:



  • жалпы соммасы 29 млн. 704 мың 605 теңгеге 824 адамға айыппұл салынды, оның 93%-ы жалпы соммасы 27 млн. 095 мың 170 теңгеге 764 айыппұл өндіріп алынды;

  • 25 адамға ескерту берілді;






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет