Пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынымдар Мектеп білім алушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының
нәтижесін жақсарту және «Жаратылыстану»
білім саласындағы пәндердің
білім
сапасын арттыру мақсатында күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген
практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. Бұл
тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде
PISA, TIMSS халықаралық
салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы
тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «
PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары
негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын
дамыту»
,
«
PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және
ғылыми
-
әдістемелік қамтамасыз ету»
әдістемелік құралы әзірленіп, Академия
сайтында орналастырылған (
https://uba.edu.kz
).
Бұл әдістемелік құралда
PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми
жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
берілген.
Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша білім алушылардың
-
жаратылыстану құбылысындағы процестерге диаграммалар, сызбалар,
жалпылама және талдау кестелерін жасай білу;
-
баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және
жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша);
-
есептердің шешімін сауатты ресімдеу;
-
жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың кеңейтілген
жазбаша есептерін, ауызша баяндамаларды дайындай білу;
-
білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу т.б. дағдыларын
қалыптастыру ұсынылады.
Пәндік, метапәндік және түйінді