Байланысты: 24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
Ер адам П., 27 жаста, жоғарғы оң жақ сүйегі қызыл иегіндегі ауыру сезімі мен ісінуіне шағымданды. Тісі бұрын емделмеген, бір жыл бұрын қызылиек деңгейінен сынып кеткен. СоңҒы үш күн ауыра бастады. Қарап тексергенде: беті симметриялы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аузы еркін ашылады. 1.2 тіс маңындағы шырышты қабат сәл гиперемирленген, ісінген. Түбірдің перкуссиясы қатты ауырады. Рентгенограммада: тіс түбір ұшының маңындағы сүйек тіні айқын шекаралы, анық контурлармен, диаметрі 0,3см дейін сорылған. Емдеудің қандай әдісін қолданған дұрыс болар еді?