Байланысты: 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
36.Бейімбет Майлиннің пьесалары. «Майдан» пьесасының оқиғасы, тартыс сипатына талдау жасаңыз Қазақ әдебиетінің аса көрнекті қаламгерлерінің бірі – талантты ақын,
іргелі прозаик, қаламы қарымды журналист – публицист, драматург, сатирик
Бейімбет Майлиннің әдебиет тарихындағы орны өзгеше. Қалам қызметіне ерте араласқан Бейімбет Майлиннің ширек ғасыр ішіндежазған шағын және көлемді мақалалары, публицистикалық, сондай-ақ әдеби шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына деп
бағалауымыз қажет.
Бейімбеттің барлық пьесаларын түгел шолып шыққан адам оның
қаламгер ретіндегі өсу-өрбуін, яки шығармашылық эволюциясын анық аңғарады.
"Шаншар молда"— бір перделі күлдіргі пьеса—Бейімбеттің драматургиядағы
алғашқы тежірибелерінің бірі. Пьесаның идеялық мазмұны ықшам, жинақы: аңқау
ел, арамза молда... "Шаншар молда деп атанған бір ноғай молда болды,— деп
жазған Бейімбет бір кезде өзінің басынан кешкендері туралы. — Бар білімі
"Бақырғанды" әндетіп оқу еді. Сол молдадан хат таныдым. Сол молдадан
"Бақырғанды" оқуды үйрендім". Сол молда сол қалпында, тіпті сол Шаншар аты
да өзгерместен дік етіп, Бейімбеттің өмірінен өнеріне секіріп түсе қалған.
Өзі ауыл балаларын оқытқан болады, оқытатыны мынау:
Бақырғандан сапар қылсам,
Тауап қылғалы қағыбаны,
Барып роһина юзым сүрсем,
Көріп қаннани, маннани...
Жалғыз-ақ, осы жайттардың бәрі пьесада онша шебер қиюласпайды,
образдар окиға, қимыл үстінде жасалмайды, мінездерде психологиялық дәлел
тапшы. Бас кейіпкер Шаншардың өзі ішкі дүниесін іс-әрекет арқылы ашудың
орнына ой арқылы (монологпен) мәлімдейді: "Молда (біраз ойланып отырып).:
Мен бір бақытсыз, өзім сияқты молдалар ақшаны күректеп тауып жатыр. Олардың
елінде түсім көп, күні құрғамай өлім.. Менің келгеніме екі айдан асты, әлі
бір тышқан мұрны қанаған емес... Қанапияның шешесі мен келгенде өледі деп
жүр еді, ол да жазылып кетті... Екі-үш баланың бес-он тиыннан берген
жұмалығынан не өнсін. Аз кем юмор араласып ширататыны болмаса, бұл арадағы
авторлық идея көркем шешімін таппай, тым жалаң, жалаңаш тұр.
Ал 1927 жылы қайта қарап, жеке кітап етіп бастырып шығарған "Неке қиярда"
(екі перделі пьеса) драматург жанр ерекшелігіне жетілу жағынан әлгіден де
гөрі ілгерілей түседі. Мұндағы мазмұн да ел ішіндегі ескілік (қалың мал,
күйеу келу, қыз айттыру, неке қию, келін түсіру, жеңгетайлық, т.б, (көне
кәделер) бола тұра, осыларды біршама биік эстетикалық талғаммен іріктеп,
екшеп, пьесаның өн бойындағы оқиға арнасына орнымен орайластырады.
Жазушының ең көрнекті де көлемді, таптық тартысқа құрылған драмалық шығармасы – «Майдан». Шығарманың әдеби маңызын Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде сөйлеген сөзінде М. Әуезов: «Драмалық ірі серпіннің басы», – деп өте жоғары бағалаған. Пьесаның негізгі кейіпкерлері:
Досан – кеңес тәрбиесін алған, колхоз құрылысына белсене қатысушы.
Зәуре – кеңес заманында сауатын ашқан, қоғамдық қызмет атқарушы қазақ әйелі.
Пүліш – Досанның әйелі. Тап жауларының үгітіне еріп, колхозға қарсы әрекеттер жүргізген.
Әліш – Зәуренің күйеуі. Тап жауларының сөзіне еріп, Зәуренің жұмысына кедергі жасаған.
Бекболат бай, оның бәйбішесі Мамық, байдың сыбайластары Көдебай, Демесін, Әбді, Есен – колхоз құрылысына қарсы үгіт, өсек таратып, елді колхоздан үркітіп отырған.
Б. Майлиннің «Майдан» пьесасы терең драмалық тартысқа құрылған, қоғамның шытырман шындығын өткір суреттеген көркем туынды.