28
Адамзат қоғамындағы моральдың функциялары. Этиканың әлеуметтік-
философиялық,
аксиологиялық,
методологиялық,
дүниетанымдық
аспектілері. Этика және психология. Мораль және құқық. Мораль және өнер.
Мораль және саясат. Мораль және бизнес. Этиканың негізгі даму кезеңдері.
Моральдық таңдау және моральдық ережелер. Этиканың тарихи дамуы.
Курсты оқытудың мақсатымен міндеттері:
этикада адамның өмірін
арнауға тұратын адамгершілік өмірі, оның құндылықтары мен асқақ
сезімдері арнайы оқу пәні ретінде алынады. Этика бастабында «практикалық
философия» ретінде қалыптасады, оның басты міндеті болмыстың құрылымы
мен оны тану шарттары емес, адамды қоршаған әлем және өз-өзімен дұрыс,
яғни, «игілікті», әділетті, лайықты үйлесімділікте өмір сүруге үйрету болып
табылады. Этика тарихы мен теориясын қарастыру адам мәдениетіндегі
моральдықтың орны мен рөлін түсінуге, тұлғаның жалпы және кәсіби
мәдениетін жоғарылатуға, адамның бойында адамгершіліктік құндылықтарға
саналы қатынас жасауды үйренуге, өзбетіндік және жауапкершілікті өмірлік
таңдау жасау қабілетін игеруге, сол арқылы теория мен практикада мықты
гуманистік ұстанымдарға қол жеткізуге көмектеседі.
Пәні:
этиканың пәні мораль, өнегелік, моральдың функциялары мен
құрылымы болып табылады.
Объектісі:
моральдың әртүрлі қоқамдық қатынастар жүйесіндегі
алатын орны, өнегеліктің пайда болуы және тарихи дамуы.
«Этика» терминін философия аясында тұңғыш еңгізген әрі осы
тақырыпта қаламын көсілте жазған адамзаттың ұлы ұстаздарының бірі –
Аристотель еді. Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін
ғылымды айтады. Бұл тұста еске сала кететін бір жай- Аристотельдің
ізгіліктер туралы ілімінің негізгі қағидалары. Ол бойынша, адам бойындағы
ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер
этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса,
дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниелер.Сөйтіп,
Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық,
шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Нақты өмірдегі адамгершілік құлықты, сол адамгершілік құлықты
қалыптастырушы
принциптер
жиынтығы
–
моральды
зерттейтін
философиялық ғылымды біз «этика» деп атаймыз
Достарыңызбен бөлісу: