29
-
өмір дегеніміз азап;
-
азаптың себебі бар, ал азаптың көзі – адамның қалау-тілеуінде,
ниетінде;
-
азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі теңдескен
бақытты күйін «нирвана» деп атайды;
-
азаптан құтылу жолы бар, ол жол – «ортадағы тура жол» деп аталады
да оның мәні адам қалауын тәрк етуде болып табылады. Оған жету жолын
арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз.
Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына мыналар тиеселі: саф сенім, ақ
ниет; шыншыл сөз, дұрыс амал-әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы
қайрат, таза жады, адал зейін – жалпы, иманды тіршілік.
Конфуцийшылдық - әлеуметтік этикалық жүйе. Ең маңызды нәрсе –
рәсімділік. Конфуций іліміндегі «жень» ұғымы адамсүйгіштік, адам
бойындағы шынайы адамдық қасиеттің айғағы болып табылатын
адамгершілік дегенді білдіреді. «Женьмен» тығыз байланыста, тіпті
ажыратылмайтын байланыста қарастырылатын тағы бір орталық ұғым –
«ли»-рәсім. Яғни рәсімділік адамсүйгіштікке негізделуі керек, ал
адамгершілік құлық рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады.
Конфуцийдің ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы – ата-
аналарды құрметтеу мен өзіңнен үлкендерге ізет көрсете білу. Ұлы
парызкердің басты құндылығы мен ерекшелігі – оның Шығыс елдеріне тән
рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен ұштастыра
білуінде болып саналады.
Антика этикасы
Антика ойшылдарының этикалық көзқарастары: Сократ, Платон,
Аристотель. Софистер, эпикурейшілдер, стоиктердің философия-этикалық
ілімдері. Сенека, Марк Аврелий, Эпиктет және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: