«5В020400 – МӘдениеттану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет45/379
Дата23.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#127811
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   379
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
 
Ескерту: 
Жоғары  оқу  орны  пәннің  жұмыс  бағдарламасының 
әдебиеттер  тізімін  керекті  оқулықтар  мен  оқу  құралдарымен  толықтыра 
алады. 
 
 
 


26 
 
Eti 1203 – ЭТИКА 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Автор: 
Көбекова Б.К.
 – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға 
оқутышысы  
 
Пікір жазғандар:
 
СағикызыА.
 – философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ ҒК 
философия, саясаттану және дінтану институтының доценті 
Әбдіғалиева Г.Қ. 
– философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану 
факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 
профессоры  
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Этика»  пәні  бойынша  Типтік  оқу  бағдарлама  5В020400  – 
Мәдениеттану мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылған. 
Бүгінгі  таңда  қазақстандық  қоғамда  белгілі  бір  «құндылықтарды  қайта 
бағалау»  жүзеге  асырылуда.  Шынайы  жалпы  адамзаттық  моральдық 
құндылықтармен  қатар,  жалған  «құндылықсымақтар»  да  енгізіле  бастаған 
уақытта  бұл  үдерістер  қайшылыққа  ұшырайды.  Халықтың  бір  бөлігінің 
мораль  мен  дінге  назары  ауып  тұрған  шақта,  қылмыс,  нигилизм,  діни 
экстремизм мен терроризм де өрши түседі. Қоғамда қара күшті қуаттайтын, 
антиқұндылықтық,  «асқан  адам»,  мистика  мен  аморализмді  негіздейтін  әр 
түрлі  ілімдер  тарала  бастайды.Сондықтан  мораль  мен  дін  туралы  іргелі 
ғылыми  білімді  игеру  өте  маңызды.  Құйылып  жатқан  ақпаратты  дұрыс 
бағалау үшін, әлі де өмірлік тәжірибе жинақтамаған жастарға бұл аса қажет. 
Қазіргі уақытта Қазақстан шаруашылық этиканың өзіндік адамгершілік 
нормалары  бар  жаһандық  экономикаға  кірігіп,  әлемдік  нарыққа  аяқ  басуда. 
Және  де  Қазақстан  толыққанды  және  сыйлы  серіктес  болғысы  келсе,  адам 
қызметінің  барлық  саласында  жалпы  қабылданған  адамгершілік  үрдістерді 
ұстануы  қажет.  Сонымен  қатар,  әрбір  мамандықтың  өзінің  адамгершілік 
ерекшеліктері  бар,  оларды  игеру  және  ұстану  кәсіби  табысқа  жеткізеді. 
Алайда,  кәсіби  этиканың  нормаларын  ұстану  үшін  оларды  білу  және  дұрыс 
бағалау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   379




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет