2. Оқыту әдістерін жіктеу Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И. Зиновев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиыриадан астам түрі бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер):
көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес
(И.Т. Огородников, С.И. Перовский, Е.Я. Голант):
сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
көрнекілік әдістер;
тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша
Баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептеледі т.с.с.