8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Оқулық Аңырақай шайқасы және оның тарихи маңызы. 21–23беттер. Тірек сөздер



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
Оқулық
Аңырақай шайқасы және оның тарихи маңызы. 21–23беттер.
Тірек сөздер: Аңырақай шайқасы, Азаттық күрес, Әмілмәмбет хан, Абы-
лай сұлтан. 
ресурстар: 
Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3. 
– Алматы: Атамұра, 2002. – 121-150 бб.
сабаққа дайындық: 
Жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық күресте бетбұрыс 
жасаған ең ірі жеңіс – Аңырақай шайқасының тарихи маңызы мен ХVІІІ 
ғасырдың 30–40-жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының одан әрі дамыуы 
мен қазақ жерлерін жаудан азат ету жолындағы күрес тарихынан білім беру 
арқылы 100 жылдан аса уақытқа созылған жоңғар шапқыншылығына қарсы 
күрестегі бетбұрыс кезеңнің шешуші оқиғасы Аңырақай шайқасы және оның 
тарихи маңызын көрсету. Аңырақай шайқасының қазақ жерін жоңғарлардан 
түпкілікті азат ету жолындағы батырлардың ерлік жолы туралы білім бере 
отырып, оқушылардың тарихи танымдарын кеңейту, ұлттық тарихтың 
жасампаздық рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
сабақтың деректі материалдары: 
Қазақстанның XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы картасы, атақты 
билер мен батырлардың суреттері, “Аңырақай” шайқасының орны мен кар-
тасы, қазақ жерін жоңғарлардан азат ету жолындағы күрестің бағыттары 
көрсетілген карта, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жыраудың 
шығармаларынан үзінді берілген слайд.
сабаққа әдістемелік нұсқау: 
Аралас сабақ түрін пайдалана отырып, интербелсенді сабақтың жеке және 
жұптық, топтық жұмыстар, сұрақтар қоюда ынталандыру әдістерін пайдалу 
керек. 
сабаққа қатысты ескертпелер: 
Аңырақай шайқасының тарихи маңызын дүниежүзі тарихындағы шешуші 
шайқастар тарихымен салыстырмалы түрде беруге болады. Аңырақай шайқасы 
өткен жер туралы ғылыми пікір-таластардың туындауы мен оның нақты өткен 
жерін картадан белгілеу, оларға қатысты ақпараттарды тарихи деректермен 
салыстыру арқылы нақтылау қажет. 


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет