8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Көрнекілік Фотоальбомдар, слайд, қолданбалы өнер туындылары.  Музыкалық фоны бар ұлттық киімдер фотоклипі.  Мақсатты айқындау



Pdf көрінісі
бет30/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Көрнекілік
Фотоальбомдар, слайд, қолданбалы өнер туындылары. 
Музыкалық фоны бар ұлттық киімдер фотоклипі. 
Мақсатты айқындау
Қолөнер немесе қолданбалы өнер — тұрмыстық және шаруашылық 
салада қолданыстық маңызы бар өнер туындыларын қолдан өндіретін, 
дәстүрлі қазақы ортада ертеден қалыптасқан кәсіпшіліктің атауы екенін 
айта отырып, қолданбалы өнердің салалары мен бағыттарын қамтып айту 
арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерінің бірегейлігін таныту; қолөнер 
тұрмыстың барлық саласымен тікелей байланыста қалыптастып әрі бірге 
дамып отырғандығын, қолөнердің көпсалалығын таныту; қазақ қоғамында 
қөлөнермен айналысатын шеберлердің қоғамда орны ерекше болғандығын, 
олардың жеке бір салаға маманданғандығын немесе бірнеше еңбекті қатар 
атқара бергендігін айтып жеткізу. 
Дамытушылық маңызы
. Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерін 
дамытқан халық шеберлерінің қолынан шыққан туындыларды жоғары 
эстетикалық талғаммен жасағандығын көрсете отырып, шеберлер қолданған 
әдіс-тәсілдерді қамту, олардың халық арасында ерекше құрметке ие болғандығын 
айта отырып, оқушыларға қазақ халқының материалдық мәдениетінің 
бірегейлігін, олардың халқымыздың тарихи-мәдени мұрасы екенін ұғындыру, 
тарихи-мәдени мұрамызға ерекше құрметпен қарауға үйрету.
Тәрбиелік маңызы
. Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерінің бірегей 
туындылары мен оларды жасаған халық шеберлерінің қажырлы еңбегі 
мен олардың қоғамда алатын орны зор екенін айта отырып, оқушыларды 
еңбексүйгіштікке, жоғары эстетикалық талғамға баулу.
сабақтың деректік материалдары
”Қолөнер немесе қолданбалы өнер – тұрмыстық және шаруашылық салада 
қолданыстық маңызы бар өнер туындыларын қолдан өндіретін, дәстүрлі 
қазақы ортада ертеден қалыптасқан кәсіпшіліктің атауы. Қолөнер тұрмыстың 
барлық саласымен тікелей байланыста қалыптасты әрі бірге дамып отырды. 
Сондықтан да қолөнер көпсалалы болып келеді” дей отырып қолөнер мен 


27
сәндік қолданбалы өнер түрлері мен туындыларын ізім түрінде көрсетуге 
болады. 
Оқушы қыз балаларға етене таныс кесте өнерінің негізгі бағыттарын 
бағдарды слайд түрінде көрсетіп, олардың өз кестелерін жасауына қызы-
ғушылық тудыру керек. Дерек: “Кестенің біз кесте, шым кесте, әредік ке-
сте деген түрлері бар. 
Біз кесте
– дөңгелек немесе төрт бұрышты кергішке 
керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен 
шалу арқылы жасалады. Көбіне орамал алақанына, дастарханға салына-
ды. 
Шым кесте
– кестенің мата бетіне ашық жер қалдырмай немесе өте 
аз қалдырып, тұтас кестеленеді. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, орамал, 
шапан, кежім, сәукеле, салынады. 
Әредік кесте
– матаның әр жеріне бөлек-
бөлек кестеленеді. Ол тақия, балақ, етек, жаға, өңір, қоныш сияқты киім 
бөлшектеріне, перде жиегіге салынады. Салтанатты киімдердерге алтын, 
күміс жібі талшықтарынан 
зер кесте
салынған”. 
дерек:
”Зергерлік бұйымдар о баста тұмар ретінде пайдаланылса керек. Түсті 
тастар, қасиетті деп саналатын аң-құстардың тісі, тұяғы, қауырсыны тәрізді 
киелі саналып, олардан моншақ, білезік, сырға жасап тағу үрдісі қалыптасты. 
Зергерлік өнер туындылары халықтың ертеректегі наным-сенімінен мол 
мағұлұмат береді, түрлі символдық қызмет атқарады. Атап айтқанда, зергерлік 
бұйымдар сәндік мақсатта қолданумен бірге, адамның қоғамдағы орны 
(қоғамдағы мәртебесі, лауазымы) жас мөлшері, жынысы, қандай кәсіппен 
айналысатыны, қай ру-тайпаға жататыны сияқты ерекшеліктерін байқатып 
тұратын символдық функция атқарды”. (
Қазақтың этнографиялық категория-
лар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 3 том. Алматы, 2012. – Б. 59.)
”Халық арасында ұста-зергерлердің дүкенін қасиетті орын деп санайды. 
Ұстаның дүкенінде дауыс көтеруге, балағат сөз бен өсек айтуға қатаң тиым 
салынды. Әйтпесе, Дәуіт пайғамбардың ашынуы әбден кәдік. Тіпті, адамның 
аузы қисайып қалуы мүмкін. Құрал-аспаптарды аттап өткен адамның аяғы 
қақсайды, тіпті ақсап қалады екен деседі. Шеберханаға таяу жерге дәрет 
сындыруға болмайды. Ондай жерге, әдетте, жуынып-шайынып, таза болып 
бару керек. Ел ішінде бұлардан басқа да қолөнеріне, шеберлер жасаған заттарға 
байланысты ырымдар мен тиымдар, әдет-ғұрыптар сақталған”. (
Қазақтың 
этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 
3 том. Алматы, 2012. – Б.596.) 
Деректерді оқып, оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің 
ерекшелігін айту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет