8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет42/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

зерттеу сұрағы
Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік ре-
формалар жүргізілді?
Оқулық 
1822–1824 жылдардағы реформалар және қазақ қоғамы. 82–86 беттер.
Тірек сөздер
Реформалар, хандық биліктің жойылуы, Сперанский М.М., Сібір 
қырғыздары туралы жарғы, округ, болыс, аға сұл тан, болыстық сұлтан, ауыл 
старшыны.
ресурстар
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 
тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010. 
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы, 
2016.
Көрнекілік
Ш. Уәлиханов қазақ хандары мен сұлтандарының ата-тегі туралы кесте, 
Абылай ханның суреті, қазақ сұлтандарының суреттері, қазақ билерінің 
суреттері.
Мақсатты айқындау
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында хандық биліктің 
жойылуының алғышарттарын ашып көрсету. Бұл істе Ресей империясының 
Қазақстандағы хандық билікті отаршыл саяси әкімішілік басқарумен 
ауыстыруға байланысты шараларын түсіндіру. Әкімшілік басқарудағы жаңа 
отаршылдық өзгерістердің Қазақастанда қалай жүзеге асырылғанын нақты 
деректер негізінде көрсету. Ол бойынша қабылданған жаңа 1854 жылғы 
19 мамардағы «Сібір комитетінің Сібір қазақтарына империяның жалпы 
заңдарын тарату туралы ережесінің» қазақ даласында қалай енгізілгенін
оның нәтижесінде билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, отарлаушы 
мекеме округтық приказдардың сол саласындағы қызметі қалай кеңейтілгенін, 
сұлтандар билігін шектеу қалай жүзеге асырылғанын түсіндіру.
1854 жылғы 19 мамарда қабылданған “Сібір комитетінің Сібір қазақ-
тарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесінің” қазақ да-
ласында қалай енгізілгенін, оның нәтижесінде билер сотының қызметі едәуір 
қысқартылып, отарлаушы мекеме округтық приказдардың сот саласындағы 


39
қызметі қалай кеңейтілгенін, сұлтандар билігін шектеу қалай жүзеге 
асырылғанын түсіндіру. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында 
хандық биліктің жойылуының алғышарттарын ашып көрсету. Бұл істе Ре-
сей империясының Қазақстандағы хандық билікті отаршыл саяси әкімшілік 
басқарумен ауыстыруға байланысты шараларын түсіндіру. 
Дамытушылық маңызы. 
Оқушыларға отаршыл Ресейдің қазақ дала-
сындағы хандық билікті жоюға бағытталған саяси-әлеуметтік шараларының 
шын мәнінде қазақ халқын ұлттық мемлекеттен айыру және отарлау саясаты 
болғанын, мұның өзі қазақ халқын ұзақ уақыт тәуелсіздіктен айырғанын 
атап көрсету. Патша өкіметінің отаршылдық саясатының нақты заңдық 
негіздерге сүйене отырып, қазақ даласының бейбіт жолмен отарлауды қалай 
жүзеге асырғанын, қазақ қоғамының отаршылдық қамытын қалай кигенін 
аңғармай қалғанын көрсету.
Тәрбиелік маңызы.
Қазақ хандығының отаршылдық қысымының 
нәтижесінде күшпен жойылуын көрсету арқылы қазіргі тәуелсіз мемлекет-
ке қол жеткізген қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрестердегі тарихын 
құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу. Сонымен бірге, отарлаушы елдердің 
өздері отарлайтын аймақтарды әртүрлі айла тәсілдермен жүзеге асыратынын 
түсіндіре отырып, мемлекет мүддесін қорғау ісі әрбір азаматтың абыройлы 
борышы екенін ұғындыру арқылы тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет