8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


-сабақ. Қазақ өлкесіндегі өнеркәсіптің даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

2-сабақ. Қазақ өлкесіндегі өнеркәсіптің даму ерекшеліктері
сабақтың мақсаты: 
7.4.2.1 — капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономика-
сына ықпалын анықтау
зерттеу сұрағы: 
Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?
Тірек сөздер: Көші-қон, орыс шаруалары, жатақтар, өнеркәсіп, кәсіпорын.
Оқулық
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы. 
Капиталистік қатынастардың ене бастауы. 157-162 беттер.
ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.Т.І-2.Аста-
на, 2013.
Қазақ елінің тарихы(Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 
тарихы. 1943 жылғы басылым).Алматы, 2012.
История Казахстана.Энциклопедический справочник. Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы,А.Сейдімбек). Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап.Алматы, 2016.
Көрнекілік
Оқулықтың 158-бетіндегі ауыл көші және қазақ ауылы туралы суреттер.
Мақсатты айқындау
Қазақстанда қоныс аударушылардың көбеюіне байланысты жаңа нарықтық 
қатынастардың пайда болғанын, осыған байланысты Қазақстанда урбаниза-
ция үдерісінің өрістеп қалалардың өркендегенін, олардың отырықшылармен 
көшпелілер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру орталықтарына 
айналғандарынтүсіндіру.
дамытушылық маңызы. Ресейдің сауда капиталының отаршылдық бағыты 
дамытқан жаңа нарықтық қатынастардың кейінгі Қазақстан экономикасына 
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен ықпал жасағанын және мұның өзі 
ең алдымен қалалардың өркендеуіне ықпал жасағанын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты. 19 ғасырдағы отаршыл нарықтық экономиканы және 
жәрмеңкелер жұмысын сипаттау арқылы бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы 
нарықтық қатынастардың өркендеуіне бастау болған себептердің тамыры 
тереңде жатқанын оқушыларға түсіндіре отырып, олардың бүігінгі Қазақстан 
экономикасының даму механизміне деген құрмет сезімін туғызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет