ТІЗЕ БУЫНЫ
Тізе буыны,
art. genus
, қосылыстардың ішіндегі ең үлкен және
сонымен бірге ең күрделісі болып табылады. Себебі бұл жерде
аяқтың ең ұзын иінтірегі (ортан жілік және сирақ сүйектері)
қосылысады, олар жүрген кезде ең көп қозғалыс
70
Артросиндесмология
көлемін жасайды. Оны құруға қатысатын сүйектер: ортан жіліктің
дисталды шеті, асықты жіліктің проксималды шеті және тізе
тобығы. Ортан жілік айдаршықтарының
tibia-мен
қосылысатын
буындық беттері көлденең және сагитталды бағыттарда дөңестеу
келген, кесілген эллипсоидқа ұқсайды. Асықты жіліктегі ортан
жілік айдаршықтарымен қосылысатын
facies articularis superior
сәл
ойыстанған гиалин шеміршекпен жабылған екі буындық аймақтан
тұрады; соңғылары екі буын ішілік шеміршектер немесе
менисктерден,
meniscus lateralis et medialis,
тұрады, олар ортан
жілік пен асықты жілік айдаршықтарының буындық беттері
арасында орналасқан.
Әрбір мениск үш қырлы, ортасы ойыстау, шеттері қалыңдау
табақша болып табылады, шеттері буын қапшығымен бітіскен, ал
ішке қараған үшкірленген жиегі бос. Латералды мениск
медиалдыға қарағанда ойыстау; соңғысы пішіні бойынша жарты
айға көбірек ұқсайды, ал латералды дөңгелекке жақын. Екі
менисктің шеттері алдынан және артынан
eminentia inter-
condylaris-ке
бекінеді. Алдынан екі менисктің арасында фиб- розды
буда орналасады, ол
lig. transversum genus
деп аталады.
Буын қапшығы ортан жіліктің, асықты жіліктің және тізе
тобығының буындық беттерінің жиектерінен сәл артқа қарай
бекінеді.
Сондықтан ортан жілікте ол алдынан жоғары көтеріліп,
facies
patellaris-ті
айналып өтіп, екі бүйірінде айдаршықтар және
айдаршық үстілері арасында өтеді де, соңғыларын бұлшықеттер
және байламдар бекінуі үшін буын қапшығы сыртында қалдырады,
ал артынан айдаршықтардың буындық беттерінің жиектеріне дейін
төмен түседі. Бұдан басқа, алдынан синовиалдық қапшық үлкен
бұралу,
bursa suprapatellaris,
түзеді, ол ортан жілік пен санның төрт
басты бұлшықеті арасында созыла орналасады. Кейде
bursa
suprapatellaris
тұйықталып, тізе буыны қуысынан бөлек орналасуы
мүмкін. Асықты жілікте буын қапшығы айдаршықтардың буындық
беттерінің жиектеріне бекінеді. Тізе тобығында ол шеміршекті
бетінің жиектеріне бітісіп, буын қапшығының алдыңғы бөліміне
еніп
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
71
тұрғандай көрінеді. Буынның бүйірлерінде фронталды білікке
перпендикуляр жанама байламдар орналасады: медиалды жағында,
lig. collaterale tibiale
(ортан жіліктің
epicondylus medialis-інен
басталып,
tibiae-нің
жиегіне бекініп, буын қапшығымен және
медиалды менискпен бітісіп кетеді), және латералды жағында,
lig.
collaterale fibulare (epicondylus lateralis-тен
басталып,
fibulae
басына бекінеді). Тізе буыны қапшығының артқы жағында буын
қапшығына бітісіп кететін екі байлам бар —
lig. popliteum arcuatum
және
lig. popliteum obliquum (m. semimembranosi-дің
сіңірлерінің
соң- ғы 3 будасының біреуі). Тізе буынының алдыңғы жағында
санның төрт басты бұлшықетінің сіңірі орналасады, ол
pa- tella-ны
қамтып өтіп, қалың, мықты байлам,
lig. рatellae-ге
айналады да, тізе
тобығының ұшымен келіп,
tuberositas tibiae-
ге бекінеді.
Санның төрт басты бұлшықетінің сіңірінің кеңейген бүйір
бөліктері
patella-ның
екі жанында
retinacula patellae (laterale et
mediale)
түзеді, ол вертикалды және горизонталды будалардан
тұрады; вертикалды будалары
tibiae
айдаршықтарына, ал гори-
зонталдысы — ортан жіліктің екі айдаршығына бекінеді. Бұл
будалар тізе тобығын қозғалыстар кезінде ұстап тұрады.
Осы айтылған буын сыртындағы байламдардан басқа, тізе
буынында екі буын ішілік байламдар бар, олар крест тәрізді,
ligg.cruciata genus
деп аталады. Олардың алдыңғысы,
lig. cruciatum
anterius
, ортан жіліктің латералды айдаршығының ішкі бетін
tibiae-нің
area intercondylaris anterior-ымен
байланыстырады.
Екіншісі — артқысы,
lig. cruciatum postenus,
ортан жіліктің
медиалды айдаршығының ішкі бетін асықты жіліктегі
area
intercondylaris posterior-мен
байланыстырады. Буын қапшығының
ішкі жағынан синовиалды қапшық астарлап жатады, ол буын
ішіндегі крест тәрізді байламдарды да қаптап, буынның алдыңғы
қабырғасында тізе тобығынан төмен екі майлы қатпар,
plicae
alares,
түзеді, ол тізені буын беттеріне тигізген сайын олардың
арасын толтырып тұрады. Крест тәрізді байламдар буын қуысын
алдыңғы және артқы бөліктерге
72
Артросиндесмология
бөледі, ол қабыну кезінде белгілі бір уақытқа дейін ірінді бір
бөлігінен екінші бөлігіне жібермей ұстап тұрады.
Буынмен көршілес бірнеше синовиалдық қатпар орналасады;
олардын кейбірі буынмен қатынасады. Тізе тобығыньщ алдынғы
бетінде үш қапқа дейін болуы мүмкін: тері астында —
bursa
prepatellaris subcutanea,
шандыр астында —
bursa subfascialis
prepatellaris,
және
m. quadriceps
апоневрозы астында —
bursa
subtendinea prepatellaris. Lig. patellae
бекінетін жерде осы байлам
мен асықты жілік арасында тұрақты, буынмен қатынаспайтын
синовиалды қап,
bursa infrapatellaris profunda
орналасады.
Буыннын артқы аймағына бекінетін барлық бұлшықеттердін
бекінетін жерінін астында қап орналасады деуге болады.
Тізе буынында болатын қозғалыстар: бүгу, жазу, айналуы.
Сипаты бойынша айдаршықты буын. Буынды жазған кезде
менисктер қысылады,
ligg. collateralia et cruciata
қатты керіледі
және сирақ санмен бірге қосылып қозғалмай біртұтас болып
көрінеді. Буынды бүккенде менисктер жазылады, ал
ligg.
collateralia
бекінетін нүктелері жақындаған сон босансиды,
сондықтан тізе бүгулі болған кезде вертикалды білікте айналуға
мүмкіндік болады. Сирақты ішке қарай айналдырған кезде крест
тәрізді байламдар қозғалысты тежейді. Сыртқа қарай айналдырған
кезде
крест
тәрізді
байламдар,
керісінше,
босансиды.
Қозғалыстардын шектелуі бұл кезде бүйір байламдар арқылы
жүзеге асады. Адамнын тізе буынындағы байламдардын
құрылымы мен орналасуы ұзақ уақыт вертикалды жағдайда тұруға
мүмкіндік береді.
Тізе буыны аймағына рентгенограмма жасағанда бір көріністе
ортан жіліктін дисталды бөлімі, сирақ сүйектерінін проксималды
бөлімі, тізе тобығы, сонымен қатар
articulatio tibiofibularis
көрінеді
(15-сурет).
Articulatio genus-те
«Рентгендік буындық санылау»
адамнын барлық сүйек-буындық аппаратынын ішіндегі ен кені
болып табылады, себебі ол шынайы анатомиялық буындық
санылауға ғана емес, сонымен қатар буындық шеміршекке және
шеміршектік менискіге де сәйкес келеді. Рентгенограммада ортан
жіліктін дисталды бөлімі және
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
73
сирақ сүйектерінің проксималды бөлімінің барлық анатомиялык
бөлшектері көрінеді. Тізе буынының бүйір көрінісінде ортан жілік
пен асықты жіліктің айдаршықтары бірінің үстіне бірі қабаттасып
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |