66
Артросиндесмология
Ұршық буынында сонымен қатар екі буын ішілік байламдары
бар:
lig. transversum acetabuli
және
lig. capitis femoris,
бірінші- сі
ұршық шұңқырының тілігінде орналасса, екіншісі ұршық
шұңқыры тілігінің жиегінен және
lig. transversum acetabuli-ден
басталады да,
fovea capitis femoris-ке
бекінеді. Ортан жілік ба-
сының байламы ұршық шұңқырының түбінен көтерілген си-
новиалды қабықпен қапталған. Ол буынға түсетін соққыларды
жұмсартатын эластикалық төсеніш болып табылады, сонымен
қатар, ортан жіліктің басына қарай тамырлардың өтетін жері
болады. Сондықтан бұл қабық ортан жіліктің мойны сынған кезде
аман қалса, онда бұл жердегі сүйек тіні өлмейді.
Ұршық буыны шектеулі шар тәрізді қосылысқа (тостаған
тәрізді буын) жатады, шектеулі болса да онда үш білікте:
фронталды, сагитталды және вертикалды біліктерде қозға- лыстар
жүзеге асады. Сонымен қатар,
дөңгелек қозғалыс, та болуы
мүмкін-
circumductio.
Фронталды білікте аяқты бүгу және жазу жүзеге асады. Бұл екі
қозғалыстың ең үлкені — бүгу, себебі бұл жерде артынан ортан
жілік мойнына бекінбегендіктен фиброзды қапшығы керілмейді.
Тізе бүгілгенде 118—121° құрайды, сондықтан аяқ барынша
бүгілгенде ішке жанасады; тізе буынын жазғанда қозғалыс азырақ
(84—87), себебі оны санның артқы тобының бұлшықеттері керіп
ұстап тұрады, ал тізені бүккенде олар босаңсып тұрады. Бүгілген
аяқты жазу вертикалды қалыпқа дейін жүзеге асады. Әрі қарай
қозғалу өте мардымсыз (шамамен 19), себебі ол
lig. iliofemorale-
нің
керілуінен тежеледі; егер оған қарамастан біз аяқты одан әрі
жазатын болсақ, онда екінші аяқта ұршық буынын бүгуге тура
келеді. Сагитталды білікте аяқты (немесе
бір мезгілде латералды
жақтарға кеткен аяқтарды) әкелу және кері қозғалыс, яғни ортаңғы
сызыққа жақын тұрған аяқтарды әкелу жүзеге асады. Әкету
70—75°-қа дейін мүмкін болады. Вертикалды білікте аяқты ішке
және сыртқа айналдыру жүзеге асады, ол көлемі бойынша — 90°.
Айналу білігінің негізгі үш білігіне сәйкес буынның сыртында
үш байлам болады: үш бойлық
(ligg. iliofemorale, pu
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
67
bofemorale
et
ischio-femorale)
—
горизонталды
білікке
перпендикуляр (фронталды және сагитталды) және дөңгелек
(zona
orbicularis),
вертикалды білікке перпендикуляр.
1.
Lig. iliofemorale
буынның алдыңғы жағында орналасқан.
Бекінетін жері —
spina iliaca anterior inferior,
ал басталатын
жері —
linea intertrochanterica.
Ол жазуды тежейді және тік
жүрген кезде дененің артқа құлауына кедергі жасайды.
Сондықтан адамда бұл байламдар өте жақсы жетілген, олар
адам денесіндегі байламдардың ең мықтысы болып
табылады, 300 кг жүкті көтере алады.
2.
Lig. pubofemorale
буынның медиалды-төменгі жағында
орналасқан, қасаға сүйектен басталып,
кіші ұршыққа
бекінеді және буын қапшығына бітісіп кетеді. Ол әкетуді
және сыртқа айналуды тежейді.
3.
Lig. ischiofemorale
буынның артынан шонданай сүйекте- гі
acetabulum
жиегінен басталады, ортан жілік мойнының
үстінде латералды жүре отырып, буын қапшығына бітісіп
кетеді де, үлкен ұршығының алдыңғы жиегінде аяқталады.
Ол ортан жіліктің ішке айналуын тежейді және
ligamentum
iliofemorale-нің
латералды бөлігімен бірге әкелуді тежейді.
4.
Zona orbicularis
дөңгелек
талшықтардан құралған, буын
қапшығының терең қабатында бойлық байламдардың
астында орналасады және ортан жілік мойнын ілмек сияқты
іліп тұрады, жоғарғы жағында сүйекке
spina iliaca anterior
inferior
астына бекінеді. Дөңгелене орналасқан
zona
orbicularis
санның айналма қозғалыстарына сәйкес келеді.
Айта кету керек, тірі адамда байламдар шегіне жетіп керіл-
мейді, себебі оларды сол буынның айналасындағы бұлшықеттер
тежеп тұрады.
Ұршық буынындағы байламдардың көп болуы, қиғаштау
орналасуы және буындық беттерінің
конгруентті болуынан бұл
буындағы қозғалыстар иық буынымен салыстырғанда шектеулі
болады, сонымен қатар аяқтарға түсетін көп жүктемені көтеру
68
Артросиндесмология
үшін бұл буын өте берік болады. Осы қозғалыс шектеулері мен
беріктік арқасында бұл буында иық буынымен салыстырған буын
шығуы сирек кездеседі.
Ұршық буынының әр түрлі қалыптарының рентгендік кө-
рінісінде ұршық буынының және ортан жіліктің барлық бөл-
шектері көрінеді (14-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: