СИРАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ
ӨЗАРА ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Екі сирақ сүйеті бір-бірімен буын аркылы проксималды, ал
дәнекер тінде бітісіп-өсу (синдесмоз) арқылы дисталды бай-
ланысқан. Сүйектер қалған бөліктерінде де синдесмозбен қо-
сылған.
Асықты жілік пен кіші жіліншіктің проксималды байланысуы,
art. tibifibularis, fibulae
басының жайпақ буын бетінің
tibiae (art.
plana)
латералды буын бұртітінің осындай бетімен буындасуы
болып табылады. Екі буын беттеріне бітісе өсетін қатты керілтен
буын қапшығы тығыз байламдармен,
Ugg. capitis fibulae anterior et
posterior
нығайтылған. Буын қуысы 20% жағдайларда тізе
буынымен қатынаста болады.
Сүйек аралық жарғақ,
membrana interossea cruris,
екі сүйектің
margo interossea
арасында керіліп тұрады. Сүйектер арасындағы
кеңістікті түтелдей дерлік жауып тұратын сүйек аралық жар-
ғақтың бөлітінде тамырлар мен жүйкені өткізуте арналған тест
болады.
Асықты жілік пен шыбық ұштары
syndesmoses tiЫofibularis
синдесмозы арқылы дисталды байланысады. Бұл байланыс ал-
дынан және артынан латералды толарсақтан асықты жіліктің
ұшына келетін байламдармен,
lig. tibiofibulares anterius et
posterius-
пен нығайтылады.
Білек пен сирақ сүйектерінің байланысуларын салыстырғанда
сирақ сүйектерінің өзара байланысуларында аз қозғалғыштығы
көзте түседі, бұл дененің жоғары орналасқан бөлімі үшін тіреуіш
болып табылатын аяқтың тірек қызметіне байланысты, ал білек
еңбек мүшесінің бөліті ретінде әр алуан қимыл-қозғалыстар жасай
алуы тиіс.
76
Артросиндесмология
СИРАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ АЯҚ БАСЫМЕН ЖӘНЕ АЯҚ
БАСЫ СҮЙЕКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСУЛАРЫ
1.
Сирақ-асық буыны,
art. talocruralis,
екі сирақ сүйегінің
шанышқы тәрізді асық сүйектің шығырын,
trochlea,
қаусыратын төменгі буын беттерінен түзіледі және шы-
ғырдың
facies articularis superior-
ына асықты жіліктің
төменгі буын беті, ал шығырдың бүйір беттеріне то-
ларсақтардың буын беттерінің шеміршекті жиегін бой- лай
бекиді, ал алдыңғы жағынан асық сүйек мойынының бір
бөлігін қосып алады. Қосалқы байламдар буын бүйірлерінде
орналасқан және толарсақтан көрші орналасқан тілерсек
сүйектеріне барады. Медиалды бай- лам,
lig. mediale
(deltoideum)
грек әліппесінің дельта әрпіне ұқсайтын табақша
пішінді; медиалды толарсақтан шығып, төмен қарай желпуіш
сияқты ажырай үш: асық, өкше және қайық тәрізді
сүйектерге барады, латералды байлам латералды толарсақтан
шығып түрлі үш бағытта жүретін үш шоғырдан тұрады: алға
қарай —
lig. talofibulare anterius,
төмен қарай —
lig.
calcaneofibulare,
және артқа қарай —
lig. talofibulare
posterius.
Сирақ-асық буыны құрылысының сипаты жағынан
шығыршық тәрізді буындасу болып табылады. Қозғалыстар
асық сүйек шығыры арқылы өтетін фронталды білік
айналасында жасалады, сонымен бірге аяқ басы ұшы біресе
жоғары көтеріледі (жазылу), біресе төмен түседі (бүгілу). Бұл
қозғалыстардың амплитудасы 63—66°. Бүккен кезде кішкене
бүйір қимылдары жасалуы мүмкін, өйткені бұл қалыпта асық
сүйек шығырының тарлау артқы бөлігі сирақ сүйектері
айыршасымен онша қатты қаусырылмайды. Керісінше,
жазылған кезде шығыр толарсақтардың айыршасында қатты
қысылатындықтан, мұндай қозғалыстар жасау мүмкін
болмайды.
2.
Тілерсек сүйектері арасындағы буындасуларда,
articulationes
intertarseae,
төрт буынды ажыратады:
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
77
A.
Асықасты буыны,
Достарыңызбен бөлісу: |