Аяқ сүйектерінің қосылыстары
81
жүлгені
m. peronei longi
сіңірі өтетін сүйекті-фиброзды өзекке
айналдырады.
Аяқ басының жалпы күмбездік
құрылысында бес бойлық
күмбез бен бір көлденең күмбезді ажыратады. Бойлық күмбездер
өкше сүйегінің бір нүктесінен басталып, аяқ басының бес сәулесіне
сәйкес келетін жоғары қарай дөңесті радиустар бойынша алға
шашырай бөлінеді.
Бірінші (медиалды) күмбездің түзілуінде
sustentaculum tali
маңызды рөл атқарады. Бойлық күмбездердің ішіндегі ең ұзыны әрі
биігі — екінші күмбез. Алдыңғы жағында парабола тәрізді
байланысқан бойлық күмбездер аяқ басының көлденең күмбезін
түзеді. Сүйекті күмбездер оларды түзетін сүйек,
бұлшықет,
шандырлар арқылы пішіндерін сақтайды, сонымен бірге
бұлшықеттер күмбезді ұстап тұратын белсенді «құлыпшалар»
болып табылады. Атап айтқанда, аяқ басының көлденең күмбезін
табанның байламдары, қиғаш орналасқан
m. peroneus longus, m. tibialis posterior
сіңірлері және
m. adductor
hallucis
көлденең басы сүйеп тұрады.
ұзын бойы орналасқан бұлшықеттер аяқ басын қысқартады, ал
қиғаш және көлденең орналасқан бұлшықеттер оны ұзартады.
Бұлшықет-сырғыма құлыпшалардың
осындай екі жақты әрекеті
аяқ басының жүрісті серпімді ететін күмбезді пішінін сақтайды.
Бұл сипатталған аппарат нашарлағанда күмбез аласарып, табан
жалпайып,
құрылысы өзгеріп, жалпақ табандылық (тобанаяқ)
пайда болуы мүмкін.
2-кесте.
Омыртқалар арасындағы қосылыстар
Достарыңызбен бөлісу: