БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Буындарға қандай анатомиялық құрылымдар тән?
2.
Аталған буындардың қайсысы бір білікті (бір осьті) буын-
дарға жатады?
3.
Аталған буындардың қайсысы екі осьті (екі білікті) буын-
дарға жатады?
4.
Аталған буындардың қайсысы көп осьті (көп білікті) буын-
дарға жатады?
5.
Төс-бұғана буынына қандай анатомиялық құрылымдар жа-
тады?
6.
Қандай қосылыстар шеміршектікке (синхондрозға) жатады?
7.
Кәрі жілік-білезік буыны пішіні бойынша қандай буындарға
жатады?
8.
Омыртқа доғалары арасындағы байламдарды көрсетіңіз.
9.
Иық буынына қандай анатомиялық құрылымдар жатады?
10.
Орталық ауыз омыртқа-білік (атлант-білік) буыны пішіні
бойынша қандай буындарға жатады?
11.
Латералды ауыз омыртқа-білік (атлант-білік) буыны қандай
буындарға жатады?
12.
Омыртқа бағанасы қандай қызметтер атқарады?
13.
Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы бөлігін көрсетіңіз.
14.
Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылымдарды
белгілеңіз.
15.
Кәрі жілік-білезік буынына жататын анатомиялық құ-
рылымдарды көрсетіңіз.
16.
Иық буыны құрылысы бойынша қандай буынға жатады?
17.
Иық буыны пішіні бойынша қандай буынға жатады?
18.
Иық буынының қандай байламдары бар?
19.
Шынтақ буыны құрылысы бойынша қайсы буынға жатады?
20.
Тоқпан-шынтақ жілік буыны пішіні бойынша қайсы буынға
жатады?
21.
Проксималды кәрі жілік-шынтақ буыны пішіні бойынша
қандай буынға жатады?
22.
Шынтақ буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
23.
Кәрі жілік-білезік буынын түзетін құрылымдар.