XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің капиталдарын әкеле бастады. Бұл үшін өлкеде қолайлы жағдайлар бар еді:
Осы кезде өлкеде едәуір көмір қоры бар екені белгілі болған-ды. Тас көмір өнеркәсібінің дамуы мемлекеттік, қоғамдық сұраныстың артуына, өнеркәсіптің өрге басуына, темір жолдар мен кеме қатынастарының ашылуына себепші болды. Қазақ даласында алғаш рет 1885 жылы «Ст. Ал. Поповтың және К° далалық тас көмір» қоғамы құрылды. Ол Сарыарқадағы Кеңгір өзенінің бойында алғашқы металлургия зауытын салды. Болашақтағы атақты күйші Тәттімбет осы зауытты салуға қатысты. Оның негізгі кариталы 125 мың сом еді. Кен өнеркәсіпшілеріне жер сату арқылы ірі бай-феодалдар олжаға батты.