«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Тәжірибеде жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау



бет21/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тәжірибеде жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау

әдістеменің негізгі талабы болып саналады. Бұл талапты егістік тәжірибенің бағдарламасы мен сызбасын дайындау кезінде міндетті түрде ескеру қажет және бұрмаланбауы тиіс. Мұнда тәжірибе сызбасына бекітілген варианттарға өз бетімен қосымша басқа тәсілдерді енгізуге болмайды. Тәжірибе варианттарын әртүрлі алғы дақылдардан кейін немесе тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде қолдану, не-месе дақылдардың әртүрлі мерзімде себілуі қойған талап-ты орындауға мүмкіншілік жасамайды және тәжірибенің сапасын кемітеді. Мысалы, азот тыңайтқыштарының әр түрлі мөлшерін зерттегенде айырмашылық тек олардың мөлшерінде болуы тиіс. Ал басқа агротехникалық шаралар ( топырақты өңдеу, алғы дақыл, сорт, тұқымды себу мерзімі т.б) барлық варианттар үшін бірдей болу керек.




Тәжірибе мәліметтерінің мәнінің тыянақты, әрі дәл болуы – егістік тәжірибе сапасына қойылатын міндетті талаптың бірі. Бұл талап жалғыз ғана өзгешелікті сақтау талабының логикалық жалғасы болып есептеледі. Оның нәтижелерінің мәнін сан көрсеткіші арқылы бағалайды. Көптеген зерттелетін агротехникалық тәсілдер мен фак-торлар дақыл өніміне әсер етумен бірге оның сапасының
өзгеруіне де ықпалын тигізеді. Мысалы, астық дақылдары дәнінің құрамындағы белок, картоп түйнегіндегі крах-мал, қант қызылша тамырындағы қант мөлшері өзгереді. Өнімнің сапа көрсеткіштерін зертханада химиялық тал-дау арқылы анықтайды. Дақыл өнімінің мәліметтері мен сапа көрсеткіштерінің мәндері зерттелген агротехникалық тәсілдер немесе факторларды шынайы түрде бейнелейді. Егістік тәжірибеде алынған нәтижелердің мәндерінің көрсеткіштері зерттелген тәсіл немесе фактордың ақиқатты әсерімен сәйкестік дәрежесін тәжірибе дәлдігін анықтау арқылы біледі. Тәжірибе жүргізуден алынған нәтижелер мен ақиқатты нәтижелер арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, тәжірибе дәлдігі соғұрлым жоғары болады. Кез келген тәжірибе мәліметтерінің арасында айырмашылық кездеседі. Тәжірибе жұмысында іріктеп бақылау арқылы алынған нәтиже мен нақты өлшем мөлшерінің аралығындағы айырмашылық қателік болып саналады. Ондай жағдай тәжірибе жұмысында кездеседі. Тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше қателіктің мәнін азайту үшін оның пайда болу себептерін білу қажет.

Тәжірибе жұмысында үш түрлі қателіктер кездеседі. Кездейсоқ қателік. Зерттеудегі факторлардың


әсерлерінің көп болуы олардың көрсеткіштерін көбейтеді де кездейсоқ қателіктің пайда болуына себепкер бо-лады. Сол сияқты тәжірибе мәліметтерін түрлендіру кездейсоқ қателікті туғызады. Сондықтан оны тәжірибе көрсеткіштерінің тұрақты серігі дейді. Бірақ математикалық статистика кездейсоқ қателікті анықтау үшін арнайы әдіс ұсынады. Егер бақылау мәліметтері көп болған жағдайда қалыпты бөлу заңына, ал бақылау саны шамалы болғанда Стьюденттің бөлісу заңына бағынады. Кездейсоқ қателіктің ерекшелігі – оң және тәріс мәндердің санының бірдей болуы жиірек кездеседі. Тәжірибеде бақылау вариантының санын өсіру, зерттеу мәліметтерін жинақтау кездейсоқ қателіктің оң және теріс түрлері тең болғандықтан өзара жойылады.


Тәжірибе жұмысында кезесетін жағдай белгілі бір тұрақты



50 51


әсердің бұрмалануынан өлшеу, санау мәліметтірін өсіру не-месе кеміту жүйелі қателік деп аталады. Бұл қателіктің кездейсоқ қателіктен ерекшілігі бұрмалануы тек бір бағытта болады, яғни тәжірибе мәліметтерін бірдей өсіреді немесе бырыңғай кемітеді. Тағы бір айырмашылығы мұнда өзара жоятын бағыт болмағандықтан ол бақылау көрсеткіші мен орташа көрсеткіштерге де енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет