«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Тыңайтқыштардың салым мөлшері (доза)



бет29/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тыңайтқыштардың салым мөлшері (доза). Мине-

70 71


ралды тыңайтқыштардың түрлері мен формаларының тиімділігін олардың орташа салым мөлшерін қолдану арқылы анықтайтыны белгілі. Тыңайтқыш мөлшелерін зерт-теуде олардың арасындағы аралық айырмашылықтардың маңызы зор. Мұнда аралық айырмашылықтың мәні тәжірибе қателігінен айтарлықтай үлкен болуы тиіс. Екіншіден бақылау варианты ретінде қолайлы фон қолданылады.

Тыңайтқыштар мөлшелерімен жүргізілетін тәжірибелердің басты мақсаты – қандай тыңайтқыштың қай мөлшері көп өнім беретінін және қай мөлшері қолданудан алынған өнім өз құнын қаншалықты ақтайтынын, сонымен қатар қай мөлшері шаруашылық жағдайына қолайлы екенін анықтау.


Минералды тыңайтқыштардың жекелеген түрін қолданудың қолайлы мөлшерін анықтау үшін егістік тәжірибені мынадай сызбалармен жүргізеді.


1-сызба. Азот тыңайтқышының әр түрлі мөлшерінің ауылшаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.



  1. Фон – фосфор мен калий тыңайтқыштары




  1. Фон + азот тыңайтқышы – 1 мөлшері




  1. Фон + азот тыңайтқышы – 2 мөлшері




  1. Фон + азот тыңайтқышы – 3 мөлшері

2-сызба. Фосфор тыңайтқышының әр түрлі мөлшерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.





  1. Фон – азот пен калий тыңайтқыштары




  1. Фон + фосфор тыңайтқышы – 1 мөлшері




  1. Фон + фосфор тыңайтқышы – 2 мөлшері




  1. Фон + фосфор тыңайтқышы – 3 мөлшері

3-сызба. Калий тыңайтқышының әр түрлі мөлшерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының өніміне әсері.





  1. Фон – азот пен фосфор тыңайтқыштары




  1. Фон + калий тыңайтқышы – 1 мөлшері




  1. Фон + калий тыңайтқышы – 2 мөлшері




  1. Фон + калий тыңайтқышы – 3 мөлшері

Тыңайтқыш мөлшері тұрақты өлшем емес. Ол дақылдың


түрі мен сортына, фонға, агротехникалық шараларға және тағы басқа көптеген себептерге байланысты өзгереді.

Көп факторлы тәжірибелерде факторлар санына сәйкес варианттар да өзгеріп отырады. Егер тыңайтқыштың үш мөлшері алынса, варианттар саны 27 (3×3×3), төрт мөлшерінде 64-ке (4×4×4), бес мөлшерінде 125-ке (5×5×5) жетеді. Яғни тыңайтқыш мөлшерін өсірген сайын, вариант саны арта түседі. Әрине, мұндай көп варианттармен тәжірибе жүргізу қиын. Сондықтан көп факторлы тәжірибелердің сыз-басын сұрыптау принципі бойынша құрады немесе көп фак-торлы тәжірибенің қысқартылған варианттардан тұратын синтетикалық түрін пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет