«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Тыңайтқыштарды қолдану техникасын (беру мерзімі, әдісі)



бет30/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тыңайтқыштарды қолдану техникасын (беру мерзімі, әдісі) зерттеуге арналған егістік тәжірибе сызбасын дайындағанда тыңайтқыштың қолайлы дозасын білу керек. Сол сияқты дақылдың түрі мен себу мерзімін ескерген жөн.

Тыңайтқыш қолдану мерзімі мен әдісін зерттеуге арналған тәжірибе сызбасының үлгісі төменде көрсетілген.








Негізгі

Қатар

Үстеп қоректендіру




Вариант

аралыққа










тыңайту

бірінші

екінші







енгізу



















1

-

-

-

-




2

NPK

-

-

-




3

NPK

Р

-

-




4

NPK

Р

N

-




5

NPK

Р

N

N




Сондай-ақ, азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру тиімділігін анықтау үшін мына сызбаны қолдануға болады.





  1. РК – негізгі тыңайту




  1. NРК – негізгі тыңайту




  1. РК – негізгі тыңайту + N – үстеп қоректендіру




  1. РК + ½ N негізгі тыңайту + ½ N үстеп қоректендіру

Осы сызбадағы 2,3,4 варианттарды өзара салысты-ру арқылы тыңайтқыштарды үйлестіру тәсілдерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік туады. Ал бірінші вари-антты басқалармен салыстыра отырып азот тыңайтқышын



72 73


беру мерзімінің қосымша өнім деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтайды.


Жалпы тыңайтқыштардың қолдану мерзімдері мен тәсілдерін тексеру топырақ құрамындағы қоректік заттардың арақатынасын оңтайландыруға көмектеседі.


Көң мен минералдық тыңайтқыштар әсерін салы-

стырмалы зерттеу оларды дұрыс үйлестіріп қолдануға жол ашады. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің ар-туына және оның сапасының жақсаруына үлкен әсер етеді. Сондықтан көң мен минералдық тыңайтқыштар әсерін салы-стыру үшін тәжірибенің сызбасын тиімді құрудың маңызы зор.





  1. Тыңайтқышсыз




  1. Көң (толық дозасы 36-40 т)




  1. Көң (жарты дозасы 18-20 т)




  1. NPK (көңнің толық дозасына сәйкес мөлшері)




  1. NPK (көңнің жарты дозасына сәйкес мөлшері)




  1. Көң (жарты дозасы + NPK жарты дозасы)

Бұл сызба варианттары көң мен минералдық тыңайтқыштардың екі дозаларының тиімділігін және олар-ды орынды үйлестіру жолдарын анықтауға көмектеседі. Ескеретін жағдай көң мен минералдық тыңайтқыштардың салым мөлшерін дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне байланысты өзгертуге болады.




Ауыспалы егіс дақылдарына арналған тыңайту жүйесін зерттеуде сызбада жеке дақылдарға берілетін тыңайтқыш түрі, формасы, мерзімі, әдісі, мөлшері нақты көрсетілуі тиіс. Сол сияқты тыңайтқыштардың, әсіресе, көңнің кейіңгі әсерін ескеру керек.
Қант қызылша ауыспалы егіс дақылдары үшін тыңайту жүйесінің сызбасы (үлгі)



Ауыспалы егіс




Варианттар







дақылдары

I




II

III




Жоңышқа

Р30




Р60

Р90




Жоңышқа

-




-

-




Қант

N60P120K60




N60P180K90

N90P210K90




қызылшасы






















Қант

N45P60K45




N45P90K45

N60P180K60




қызылшасы






















Күздік бидай

N30P20




N30P30

N60




Қант

Көң 30 т




N90P150K60

N120P180K60




қызылшасы

+N60P120K60



















Қант

N90P60K60




N120P90K60

N150P90K60




қызылшасы






















Қант қызылша ауыспалы егісінің алты танаптағы дақылдарына тыңайтқыш беріледі. Тәжірибенің дұрыс орындалуы ауыспалы егіс дақылдарына қолданылатын агротехникалық шараларға да байланысты болады.




2.8 Егістік тәжірибе жүргізуді жоспарлау

Егістік тәжірибе жоспарында зерттейтін нысан, тәжірибенің міндеті мен тақырыбы, сызба, учаске орны көрсетіледі.


Егістік тәжірибе жоспарын дайындау кезінде жіберілген қателіктерді ұқыпты орындалған жұмыс және қолайлы әдіс қолданумен, мәліметтерін статистикалық өңдеумен дұрыстау мүмкін емес.


Егістік тәжірибені жоспарлауда ғылыми әдебиеттермен танысу арқылы зерттелетін мәселе туралы жорамал жа-салады. Оның бағдарламасында тәжірибе сызбасы, онда қолданылатын әдістеменің негізгі элементтері және тәжірибеде орындалатын байқаулар мен есептеу жұмыстары көрсетіледі. Бағдарламаның ең күрделі, әрі жауаптысы оның сызбасы мен жоспарын дайындау.



74 75


Тәжірибе жоспарын дайындауға кірісер алдында бұрын орындалған ғылыми жұмыстардың мәліметтеріне жан-жақты талдау жасалуы тиіс. Бұл жүргізілетін тәжірибенің нәтижелерінің дәлдігін арттырады.

Бағдарламада тәжірибе жүргізгенде орындалатын барлық агротехникалық шаралар мен тәсілдердің толық сипатта-масы беріледі. Мұны егістік тәжірибенің агротехникалық фоны деп айтады. Оған тәжірибе учаскесінің тарихы, топырақты өңдеу жүйесі (жырту, культивациялау, тырма-лау), тұқымды себу мерзімі мен мөлшері, дақылды суару мөлшері мен мерзімі және тағы басқа агротехникалық ша-ралар жатады. Агротехникалық шаралардың дұрыс орында-луы тәжірибе зерттеуінің нәтижелерінің дәлдігін арттыра-ды. Сондықтан тәжірибені қолайлы агротехникалық фонда жүргізу ұсынылады.


Бағдарламада зерттелетін өсімдікке жүргізілетін бақылау және есептеу, сол сияқты аналитикалық талдау жұмыстары көрсетіледі. Аналитикалық зерттеу жұмыстарына өсімдік пен топырақ үлгілерін алу және талдауға дайындау, олардың құрамындағы қоректік заттарды анықтау жатады.


Тәжірибе бағдарламасына агрохимиялық талдаудың барлық әдістері мен оның нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерінде кіргізу керек.


Тыңайтқыштармен жүргізілетін ұзақ мерзімді тәжірибелердің ғылыми маңызы ерекше. Себебі мұндай тәжірибелерде тыңайтқышты жүйелі қолдану арқылы топырақ құнарлылығының кейбір элементтерінің өзгеруін анықтайды. Сондықтан ұзақ мерзімді егістік тәжірибе бағдарламасында топырақты агрохимиялық зерттеу атты жеке тарау болғаны жөн.





  1. Егістік тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар

Тәжірибе бағдарламасы дайындалған соң оның негізгі элементтерін: мөлдектер мен варианттарды учаскеде орна-


ластыру әдістерін анықтайды. Ол үшін қағазға тәжірибенің



сызбалық жоспарын түсіреді.

Онда мөлдектердің

ені

мен

ұзындығы, қорғаныш

алқаптары, жолдар

мен

басқа нысандардың қашықтығы және варианттар мен қайталауларды орналастырудың белгілері көрсетіледі. Сызбалық жоспарды дайындағанда зерттелетін дақылдың ерекшелігін еске алады. Мысалы, отамалы дақылдарға арналған мөлдектің ені өсімдіктің аралық қатарының еніне еселі болады (яғни қалдықсыз бөлінетін сан). Бұл егінді себуді, күтуді және өнімді жинауды мүмкіндігінше толығырақ механикаландыруға септігін тигізеді.

Егістік тәжірибенің сызбалық нұсқасын учаскеге түсіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет