Физика 445-К
Қарабек Ақсәуле.
СӨЖ 1: Үй жағдайында орындалатын эксперименттік жұмыстар.
Жұмыс тақырыбы: Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күшін өлшеу.
Зертханалық жұмыс мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету.
Құрал- жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор, кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Электр тізбегі – электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбегіндегі эл.-магн. процестер ЭІК-і, электр тогының күші мен кернеуі арқылы сипатталады. Полюстеріне потенциалдар айырмасы түсірілген қандай да бір екі қысқышты бір-бірімен қосатын (жалғастыратын) сым электр тізбегінің қарапайым түріне жатады. “ Электр тізбегі ” ұғымы радиотехника, электртехника, бионикада, т.б. қолданылады. Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен кейін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі: 1А=1КЛ/1с 1ампер = (1Кулон/(1 секунд)). Ампер - негізгі бірліктердің бірі. Оны тәжірибе жүзінде тогы бар екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесуі күштері бойынша анықтаған француз ғалымы А.Ампердің құрметіне осылай атаған. Амперметр - Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.
Орындалу тәртібі:
1-, 2- және 3- суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.
Қорытынды жасаңдар.
Бекіту сұрақтары:
Электр тогы дегеніміз не?
Электр тогы болу үшін қажетті шарттар.
Электр тогын сипаттайтын негізгі физикалық шамалар.
Электр тізбегі дегеніміз не?
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыс арқылы оқушылар схема бойынша электр тізбегін құрып үйренеді, әр түрлі тізбек бөлігіндегі ток күштерінің бірдей болатындығына көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |