Тәжірибенің сызбасын құрастырғанда қойылатын әдістемелік талаптардың ең мыңыздылары:
а) зерттелетін фактордың жалғыз ғана өзгешілік принципін және факторлық негізін сақтау (көп фактор-лы тәжірибелер сызбаларын дайындағанда факторлардың үйлестірілетін түрлерін толық тексеру);
ә) бақылау (стандарт) вариантын дұрыс таңдау және тәжірибедегі зерттелмейтін жағдайларды анықтау;
б) факторлардың өлшемінің түрленуінің дұрыстығын анықтау.
Тыңайтқыштармен (түрлері, формалары, мөлшері, беру мерзімі мен әдісі) жүргізілетін егістік тәжірибелерде зерттелетін факторлар тиімділігін тыңайтқыш берілмеген вариантпен салыстырады. Оны бақылау варианты дейді.
Тәжірибе сызбасын құрастырғанда егілетін дақылдың өсіп-өнуіне ортақ жағдай жасаудың және зерттелетін әдіске сезімтал өсімдікті дұрыс таңдаудың маңызы өте зор. Со-нымен қатар сызбаның варианттарының санының аз бо-луы, зерттелетін мәселеден толық және нақты мәліметтер жинауға мүмкіндік тудырады.
Тыңайтқыштардың түрлерімен жүргізілетін егістік тәжірибелерде бақылау варианты ретінде тыңайтқышсыз вариант немесе фон қолданылады. Фон деп барлық мөлдектерге енгізілетін тыңайтқыштардың үйлесімділігі мен салым мөлшерін (доза) айтады.
Тыңайтқыштардың әртүрінің (мысалы, NPK) әсерін анықтау үшін төрт варианттардан тұратын (1 – 0; 2 – N; 3
– Р; 4 – К) сызба жеткіліксіз. Себебі тыңайтқыштар әсерінің тиімділігі көбінесе олардың қосылып қолданылуында жоғары болады.
Минералды тыңайтқыштардың үш түрінің әсерін зерттеу үшін 8 варианттан тұратын классикалык сыз-баны пайдалануға болады: 1 – 0; 2 – N; 3 – P; 4 – K; 5 – NР; 6 – NК; 7 – РК; 8 – NРК. Осы сегіздік сызбаны фран-цуз ғалымы Жорж Вилль ұсынған болатын. Мұндай сызбаның артықшылығы үш минералды тыңайтқыштарды мүмкіндігінше қыйсындастыруға болады. Алайда, тәжірибе жұмысында Жорж Вилль сызбасы бес варианттан тұратын
(1 – 0; 2 – NР; 3 – NК; 4 – РК; 5 – NРК.) Вагнер дайындаған сызбамен алмастырылып қолданылып жүр.
Сегіздік сызбаның кемшілігі – оның варианттарының санының көп болуынан кейбір жағдайларда қысқартуға тура келеді. Қысқартудың бірінші жолында минералды тыңайтқыштардың үш түрін қатар
зерттемей олардың санын
азайтады. Мысалы, тек азот тыңайтқышының әсерін зертте-генде сызба ықшамдалады да төрт варианттардан тұрады: 1 – 0; 2 – N; 3 – РК; 4 – NРК. Сегіздік сызбаны қысқартудың екінші жолы – азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын жеке зерттемеу және тыңайтқышсыз вариантты шығарып таста-
уды Митчерлих сызбасы дейді: 1 - NР; 2 – NК; 3 – РК; 4 – NРК. Сегіздік сызбаны қысқартудың үшінші жолы – топырақ құрамындағы қоректік элементтердің минимумының тәртібі белгілі болуы керек. Егер топырақта азот мөлшері төмен болғаны анықталса, азот тыңайтқышының тиімділігі фос-фор мен калий фонында зерттелуі тиіс. Құрамында сіңімді калий мөлшері жоғары топырақтарда тыңайтқыш тиімділігі мынадай сызба бойынша зерттелгені жөн: 1 – 0; 2 – N; 3 – Р; 4 – NР; 5 – NРК. Сол сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктер егілген учаскеде 1 – 0; 2 – Р; 3 – К; 4 – РК; 5 – NРК вариант-тардан тұратын сызбаны қолдануға болады.
Тәжірибе жүргізу үшін Митчерлих сызбасын пайдаланудың қажеті жоқ. Себебі мұндай сызба варианттарының көмегімен жеке тыңайтқыштың әсерінің оң немесе теріс екенін анықтау мүмкін емес. Егер қосымша төртінші қоректік элементтің (мысалы, микроэлемент-тер) әсерін анықтау қажет болса, толық (NРК) минералды тыңайтқыштар вариантын фон есебінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: