«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет31/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Учаскені мөлдектерге бөлу. Ол үшін учаскенің бір жағынан бастайды. Мысалы, АD қабырғаның ұзындығын өлшеп А мен D нүктелеріне қазық қағылады. Осы А мен D қазықтарына сегіз қырлы айналы эккер немесе гониометр аспаптарымен тікбұрышты сызық (перпендикуляр) түсіріледі. Сол перпендикуляр арқылы АВ мен DС қабырғаларын табады. В мен С нүктелеріне қазық қағылады да аралығын өлшейді. Егер ВС және АD қабырғаларының арасы бірдей болса егістік тәжірибенің жалпы нұсқасы учаскеге түсірілді деп саналады. Ал ВС мен АD сызықтарының ұзындықтары тең болмаса, учаскені бөлу жұмысы қайтадан басталады (21-сурет).

Егістік тәжірибе нұсқасын учаскеге түсіруде қиыстыру дәлдігіне үлкен мән беріледі. Себебі мөлдектерді қиыстыра бөлу дәлдігі соған байланысты болады. Тәжірибе нұсқасын учаскеге түсіруде жіберелетін қиыстырушылық ауытқулары 5-10 см-ден аспауы керек. Сонан кейін тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу басталады. Мөлдектерді бір қатарға орналастырғанда, учаскенің екі ұзындығына мөлдектің енін өлшеп, шекарасын қазықпен бекітеді.



76 77





1

2

3

4

5

6

7

8

9

В1




























С

В




























С1

А1




























D

А




























D1

18

17

16

15

14

13

12

11

10



21-сурет. Тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу сыз-басы. Мөлдек бұрышындағы қазықтар цифрлармен


белгіленген

Тәжірибенің шекарасы берік болуы үшін АD мен ВС арасын бекіткен шеткі қазықтарынан (А,В,С,D нүктелерінен) сызықты созады да үлкен диаметрлі қазықты (репер) жерге тереңірек көмеді (А,В,С,D нүктелері). Реперден (А1 нүктесі) тәжірибе учаскесінің нақты бұрышына (А нүктесі) дейінгі қашықты өлшеп мәліметін сақтайды. Себебі қазық орнында болмай қалған жағдайда сол сақталған мәлімет бойынша оның орнын табуға болады. Репер ретінде темір құбырын, рельс, тасты пайдалануға да болады. Оларды шынжырмен немесе темір сыммен байлап 50-75 см тереңдікке көмеді. Ол қазықтар орнынан жылжыған жағдайда тәжірибе шекарасын анықтауда пайдаланылады.




Тыңайтқыштарды дайындау және топыраққа енгізу.

Егістік тәжірибеде тыңайтқышты даярлау мен оны тәжірибе мөлдектеріне енгізу өте жауапты мәселенің бірі болып са-налады. Өйткені тыңайтқышты енгізуде жіберілген қателік соңынан түзетілмейді.


Органикалық тыңайтқыштың (көң, қорда, құс саңғырығы т.б.) құрамы ешқашан тұрақты болмайды, сондықтан ондағы жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін міндетті түрде анықтау керек.


Минералдық тыңайтқыштың қажетті массасы оның әсерлі затының мөлшері, мөлдек аумағы және бағдарлама сызбасында көрсетілген доза бойынша мына формула арқылы анықталады:





Х=

a • c




100 • в




мұнда Х – мөлдекке арналған тыңайтқыш массасы, кг;


а – сызбада көрсетілген қоректік зат дозасы, кг; с – мөлдек көлемі, м2;


в – тыңайтқыш құрамындағы қоректік зат мөлшері, %.


Мысалы, сызба бойынша гектарына 40 кг азот мөлшері қолданылуы тиіс (а). Мөлдек көлемі 200 м2 (с). Құрамында 34% азот бар аммоний селитрасы енгізіледі (в).


Сонда мөлдекке Х = (40×200) : (100×34) = 2,35 кг аммо-


ний селитрасы берілуі тиіс.


Минералдық тыңайтқыштар құрамындағы әсерлі затының мөлшерін анықтамалықтардан алуға болады. Кейбір жағдайда тыңайтқыштарға алдын ала химиялық талдау жасап, соның нәтижесі бойынша олардың массасын есептеп шығарады.


Тыңайтқыштарды өлшердің алдында ірі түйірлерін ұсатып електен өткізу керек.


Әрбір мөлдекке есептелген тыңайтқышты өлшеп, қағаз пакетке немесе тығыз матадан тігілген қапшыққа салып, оған мөлдек нөмірі, вариант аты мен тыңайтқыш масса-сы жазылған этикетканы салады. Осы деректің барлығын тәжірибе жорналына жазады. Егер бірнеше тыңайтқыштарды енгізетін болса, олардың қоспасын дайындау үшін жай тыңайтқыштардың өзара әрекеттесуі мен араласқыштығын ескере отырып, дұрыс таңдай білу керек. Араластырылған тыңайтқыштар түйір-түйір массаға айналатын болса, онда мұндай қоспаны пайдаланудың қажеті жоқ (22-сурет).


Тыңайтқыш мөлшері аз болса, онда мөлдектің топырағын қосып көлемін молайтып шашқан дұрыс.


Көң және басқа органикалық тыңайтқыштарды құрғақ затқа айналдырып есептеген жөн. Құрғақ зат арқылы есеп-теу тәжірибе әдістемесінде көрсетілуі тиіс. Тәжірибеде қолданылатың органикалық тыңатқыштың құрамы, шіру дәрежесі және ылғалдылығының біркелкі болуына көңіл



78 79


аудару керек. Көңді мөлдекке қол айырмен шашады. Мөлдектерде көңді бір тәуліктен артық сақтауға болмайды.

Мөлдектерге берілген тыңайтқыштарды тәжірибе бағдарламасында көрсетілген тәсілмен топыраққа енгізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет