Өсімдік массасының жиналу қарқынын анықтау
тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибелерде маңызды болып есептеледі. Астық және бұршақ тұқымдас дақылдардың егістерінен мөлдекті диагональды бағытпен жүріп отырып алты жерден бес өсімдіктен, қант және малазықтық қызылшадан сегіз өсімдіктен алады. Өсімдікті тамырымен қазып алып, топырақтан тазартып, тамырын кескеннен кейін таразыға тартады. Картоп, қант және малазықтық қызылша сияқты дақылдардың жер асты мүшелерін бөліп алып, оларды жеке өлшейді. Үлгілерді құрғақ ауада кептіреді де өсімдіктің әр мүшелерін бөлек есептейді.
Тамыр жемістің бойындағы суды анықтау үшін оның әрқайсысынан үлгілер алынады. Үлгілердің мөлшері ұсақ тамыржемістің 1/4, ірі тамыржемістің 1/8 бөлігінен тұрады. Үлгілерді пышақпен майдалап кесіп араластырып 100 грам-нан екі сынақты алады. Алынған сынақты алдымен ауада, содан кейін термостатқа (кептіргіш шкаф) қойып 60-700С градуста кептіреді. Кептірілген массаны таразыға тартады.
Өнім құрылымы дақыл өнімінің элементтерінің жиынтығынан тұрады. Әрбір дақылдың өнім құрылымы бірдей емес. Астық дақылдарының (бидай, арпа, тары, күріш т.б.) өнім құрылымын анықтау үшін мөлдектің 4 қазықпен бекітілген, әрқайсысы 0,25 шаршы метр 4 алқабының өсімдіктерін егінді жинардан 1-2 тәулік бұрын тамырмен қазып алады. Әр мөлдектен алынған астық бауына этикетка бекітіп зертханаға жеткізеді де күн сәулесі тікелей түспейтін жерге іліп кептіреді. Кептіргеннен кейін баудағы өсімдік
пен сабықтың санын, өсімдікпен оның масағын немесе шашақ басының ұзындықтарын, масақтардағы дәндердің са-нын және оның массасын анықтайды. Ол үшін бау үлгісінен сұрыптап алынған орташа сынаманың 25 өсімдіктерін пай-даланады. Ал өнім құрылымның басқа көрсеткіштерін есеп-теу арқылы шығарады.
Топырақ жағдайларын айқындау – егістік тәжірибеге қойылатын басты шарттың бірі. Тәжірибе үшін таңдап алынған учаске топырағына жан-жақты талдау жасала-ды. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілері және физикалық қасиеттерімен алдын ала танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |