9.2 Тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың мөлшерін анықтау әдістері
Минералдық тыңайтқыштарды сақтау, бір-бірімен ара-ластыру және топыраққа енгізу үшін олардың химиялық құрамын білу керек.
Тыңайтқыш құрамындағы басты әсер етуші заттарға азот, фосфор және калий қосылыстары жатады. Оларды азот элементі (N), фосфор ангидриді (Р2О5), калий оксиді (К2О) түрінде өрнектейді.
Минералдық тыңайтқыштардың ылғалдылығы мен әсер етуші заттардың мөлшерін анықтау әдістерін олардың түріне сәйкес белгілейді.
Ылғалдылықты тыңайтқыш үлгісін белгілі температу-рада термостатта құрғатып салмақтық әдіспен анықтайды.
Тыңайтқыш құрамындағы аммиак немесе аммоний ионының азотын анықтау үшін формалин, Несслер және Кьельдал әдістерін пайдалануға болады.
Формалин әдісімен азотты анықтау аммиактың формальдегидтің судағы ерітіндісімен әрекеттесуінен органикалық қосылыс – гексаметилентетрааминнің түзілуіне негізделген.
2(NН4)2SО 4 + 6НСОН→ (СН2)6N4 + 2Н2SО4 + 6Н2О 4NН4Сl + 6НСОН→ (СН2)6N4 + 4Н Сl + 6Н2О
Несслер әдісі тыңайтқыш құрамындағы аммоний ионының сілтілік ортада Несслер реактивімен реакцияға түскенде қызғылт сары түсті кешенді қосылыс – йодты меркураммонийдің пайда болуына негізделген.
NH4Cl + 4KOH + 2K2(HgI4) → NH2HgОI + 7KI + KCl +
3H2O
Кьельдал әдісі аммоний ионының сілтімен әрекеттесуінен түзілген аммиакты қышқылмен байланыстыруға негізделген.
(NН4)2SО4 + 2NаОН→ Nа2SО4 + 2NН3 +2Н2О
2NН3 + Н2SО4 → (NН4)2SО4
Селитраларды талдау үшін титриметрлік және Де-вард әдістерін қолданады. Титриметрлік әдіс қышқылдық ортада молибден қышқыл аммоний қатысында FеSО4 тұзымен нитратты аммиакқа дейін тотықсыздандырады. Тотықсыздандыру процесіне қатыспаған FеSО4 тұзының артық мөлшерін КМnО4 ерітіндісімен титрлеп анықтауға негізделген.
Девард әдісі мыс, мырыш, алюминий металдарының ерітпе қоспасының көмегімен нитратты азотты амиакқа дейін тотықсыздандырады.
Cu + 2NaОН → Cu(ОNa)2 + Н2
Zn + 2NaОН → Zn (ОNa)2 + Н2О 2Al + 6NaОН → 2Al(ОNa)3 + 3Н2
Ca(NO3)2 + 8Н2 → 2NН3 + Са(ОН)2 NaNO3 + 4Н2 → NН3+NaОН + 2Н2О
Мочевина құрамындағы азотты спектрлі фотометрлік әдіспен анықтайды. Бұл әдіс тыңайтқыш құрамындағы амидті азоттың n-диметиламинобензальдегидпен әрекеттесуінен түзілген кешенді қосылыстың оптикалық тығыздығын өлшеуге негізделген.
Фосфор тыңайтқыштарын талдау үшін жалпы фосфорды тұз немесе тұз және азот қышқылдарының қоспасымен, сіңімді фосфорды Петерман реактивімен, лимон қышқылының ерітіндісімен, тұз қышқылының ерітіндісімен, лимон қышқыл аммоний ерітіндісімен, трилон Б ерітіндісімен, ал суда еритін фосфор мен бос қышқылды сумен еріту арқылы бөліп алады.
Фосфор мөлшерін анықтауда салмақтық, көлемдік, фотометрлік, титриметрлік әдістерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |