Редактор: «Егер жер жүзіндегі халықтарға ең жақсы әдет-ғұрыпты таңдап алуға мүмкіндік берсе, онда әр халық оларды мұқият қарап, әркім өз халқының әдет-ғұрпын таңдаған болар еді», - деген екен біздің эрамызға дейін өмір сүрген «тарих атасы» Герадот. Әр халықтың өзінің әдет-ғұрып, салт дәстүрлері бар. Ол әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшелігінің айқын көрінісі. Ғасырлар бойы жиналған әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер-өткен мен бүгіннің байланысы.
Ұлттық салт- дәстүрлер – тарихи көне процесс. Салт – дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным – сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, өзгеріп жаңарып отырады.
Қазақстан дүние жүзі халықтарымен терезесі теңеліп, тәуелсіз мемлекет болды.
Өзінің ертеден бері, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет –ғұрып, салт – дәстүрін жасқанбай жалтақтамай пайдаланып, іске асырып, ары қарай дамытып, заман талабына сай жүргізіп келеді. Ғасырлар, жылдар бойы бірге өмір сүріп, бауырласып, туыс боп кеткен ұлттар арасындағы интернационализм-шын мәніндегі нағыз достық тек қана өзара тең дәрежедегі қатынас, әрбір ұлттың тіліне, тарихына, мәдениетіне деген құрмет арқасында ғана жүзеге асады деген ой туды.
Ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалық кезден бастаған дұрыс. Ең алдымен отбасында, кейін мектеп пен кітапханада өз ұлттының тарихына, мәдениетіне, тіліне көңіл бөліп, көп тыңдап, көріп өскен әрбір бала болашақта өз сезімін немесе -әркетімен басқа ұлттың өкілін ренжітуі мүмкін емес.