Айналайын, Атажұртым


Журналдың бірінші беті қазақ халқына арналады



бет44/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Журналдың бірінші беті қазақ халқына арналады.
Редактор: Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі. Қазақ халқының тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Солардың ішінде халық арасына кең тараған «ат қою» салты үнемі алдыңғы қатарда тұрады. Жас келін құтты орнына қонғаннан кейін сол елдің туыстық жағынан жақын адамдарымен қарым-қатынас жасап, араласатыны табиғи құбылыс. Қазақ ғұрпында келін бұл кісілердің атын атамайды. Сондықтан әрқайсысына өзінше ат қоюға тиіс. Бұл бір жағынан оларға құрмет белгісі болса, екінші жағынан әдеп-ибаға жататын жүйелі жосық. Түскен ауылына келін өз балалары қатарында саналады. Ешқандай жаттық көрмейді. Сондықтан ет жақын қарт кісілерді ата, әже, апа, аға деп құрметтейді. Жасы кішілерді бауыр, іні-сіңлі қатарында бауырына тартып, оларға да сүйкімді ат қойып, ізетін білдіреді.

  • Ат қою үшін сөздерді тергенде, әр сөздің түбірі және тұтас тұлғасы қамтылуы керек. Сол арқылы ат қоятын кісінің түр-тұрпатын, мінез –құлқын, өзіндік өзгешелігін танытатын жанама сөздерді қолданады.Ат қою салтының тамыры терең, әріден жатқаны анық. Ал аңыз-болған оқиғаның елесі, ұзақ уақыттың жемісі. Ат қою дәстүрі туралы халық аңызы, оның қоғамдағы елеулі құбылыс болғанын растап, дәлелдейді.

Бір кісінің балаларының есімдері өзен, қамыс, қасқыр, қой, пышақ, қайрақ деген атауларды қамтыған сөздерден басталады екен. Ереже бойынша келін бұл сөздер араласқан есімдерді ауызға алмауы керек. Бір күні келін су алу үшін өзен бойына барса, қалың қамыстың арасынан қасқыр тартып кеткен қойдың шала жансар тыпырлап жатқанының үстінен түседі. Мұны хабарлау үшін ауылға жүгіріп келеді де, жігіттерге: «Сарқыраманың арғы жағында, сылдыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. Арам өлмесін, тезірек жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, сойып алыңдар»-деп өтініш айтыпты. Бұл жұмбаққа ауылдағылардың бәрі түсінеді. Бұл сөздердегі сарқыраманың-өзен, сылдырама-қамыс, маңырама-қой, ұлыма-қасқыр, жаныма-пышақ, білеме-қайрақ екенін біле қояды. Міне, салттық жосынды орындау жолындағы қазақ келіндерінің адалдығы мен тапқырлығының дәлелі осы.
Жас тілші: Қазақ есімдерінің көбі зат, сын, сан есімдегі және етістіктегі атау мен құбылысты айқындайтын атау сөздерден құралады. Сарыбай, Қошқарбай. Төлебай, Игілік есімдерінің баламасын қалай атауға олады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет