Айналайын, Атажұртым


Жас тілші:Орыс әйелдерінің ең сәнді бас киімі қалай аталады? Жауап



бет46/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Жас тілші:Орыс әйелдерінің ең сәнді бас киімі қалай аталады?
Жауап: Әйелдердің ең сәнді бас киімі биік төбелі бас киім болып саналған. Оны меруертпен өрнектеп, артын кестелеген жамылғымен жалғастырған. Оны олар кокошник деп атаған.


Журналдың үшінші беті ұйғыр халқының салт-дәстүріне арналады.
Редактор : Журналдың келесі беті Қазақстанда өмір сүретін түркі тілдес туыс халықтың бірі- ұйғыр халқына арналады. Ұйғыр халқының тұрмыс-салтында кеңінен тараған әдеттердің бірі, ер адамдардың бірігіп бас қосулары, яғни машрап. Мұнда жастары шамалас 15-20 ер адам бірігіп, әрқайсысы кезекпен өз үйлерінде жинайды. Мәшрәп-демалыс кеші, этикалық және эстетикалық тәрбие мектебі. Мұнда қысылып-қымтырылмай еркін әңгімелесіп, ән айтып, би билеп, қалжыңдасып, бейиттер, дастандар, гәзәлдер оқып, оларды тыңдап көңіл көтерген. Қожа Ахмет Иассауидің нақыл сөздерінің жинақтары, Әлішер Науаидың гәзәлдері, басқа да араб, парсы және Орта Азия жазушыларының шығармалары көптеп пайдаланылған. Мұнда ұйғыр ақындары шығармаларының қолжазбалары оқылған. Мәшрәпқа қатысқан әр адам бұлардан өздеріне қажетті пайдалы кеңестерді ала алған. Сондықтан болар, ұйғырлар мәдениетсіз, надан адамдарды көргенде: «Мәшрәп көрмигән», -дейді екен. Ұйғырлардың арасында ең көп тараған жанрлардың бірі-бейит айту. Әрбір бейит аяқталған бір ойды білдіреді. Бейиттер ұйғыр халқының өткен әдет –ғұрыптары, салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты.

  • Бейит- белгілі бір дауысқа салынған 4 шумақ өлең өлшемі. Мазмұны бойынша жауапты талап ететін өлең түрі. Жастар жиналғанда бір-біріне кесе немесе гүл беріп бір –бірімен бейит айтысады. Бейиттің қазақ халқының айтыс өнеріне ұқсас.

  • Ғәзәл- Өлең құрылымында буын саны бірдей емес, дауысты дыбыстардың әдеттегіден созылып айтылуы арқылы жасалатын лирикалық жанр. Гәзәлдің ерекшелігі сол, өлеңнің соңғы екі жолында ақынның аты көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет