Айналайын, Атажұртым



бет72/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Күләш Ахметова
ТУҒАН ЕЛІМ

Менде сөйлер сөз болса –


Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,


Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,


Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,


Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,


Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
Бәкір Тәжібаев


ЕЛ
(Тоқсан ауыз сөз)

Қайтесің , дос, тамағыңды құр кенеп!


Қиналғанда
Жолдас емес,
Жыр керек.
Сөздің бәрі құдіретті,
Әйтсе де
ЕЛ деген бар,
Оның орны бір бөлек!

Сөз дейміз ғой,


Өз сөзіме иемін.
Осы сөзден сауыт тоқып киемін.
ЖЕР дегенде
Туған ауыл шетінде
Топырағын жатып алып сүйемін.

Мен – домбыра,


Сөзден жонған тиегім.
Ой дегенің осы сөздің жиені.
ЕР дегенде
Атып тұрып орнымнан,
Кішірейіп,
Ақ басымды иемін!

Тектен –текке жазылған жоқ осы өлең!


Өлең – қымыз беру емес кесемен.
АНА десе,
Бүктеуімнен жазылып,
Жолына оның кілем болып төселем!

Бағасы бар,


Орыны бар әр айдың.
Мен әр айға үмітпенен қараймын
БАТЫР десе,
Зиратының басына
Құлпытас боп тұруға ұзақ жараймын!

Шаттық емес,


Жаныңды жер уайыммын.
Бүйіріңе балта тиген қайыңмын.
АҚЫН десе,
Нөкері боп дарынның
Шашбауын, дос, көтеруге жараймын.

О, Ағайын, ажыраспа!


Ұйысқан!
Тымық,
Тынық тірлігі бол мүйістің!
КӨСЕМ десе,
Тосып мына кеудемді,
Оққағары болуға оның тиіспін!

Қайтесің ,дос, тамағыңды құр кенеп!


Қиналғанда
Жолдас емес,
Жыр керек.
Сөздің бәрі құдіретті,
Әйтсе де
ЕЛ деген бар,
Оның орны бір бөлек!

Сайран далам!


Қайран далам – кенішім!
Қақпақылдай қаға аласың мені шын.
Кемеңгердің
Даналардың өзі де
Көп ұлының бірі ғана Ел үшін!
Қадыр Мырза Әли
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰРДАСЫМ!...

Тарих –кесіп кіндігін,


Халық – ашқан түндігін:
ТӘУЕЛСІЗДІК-
Құрдасым,
Біз – төліміз бір күннің....

Жалғап нұрлы жолды алға,


Болам елге қорған да:
Еркіндікпен –
Егізбін,
Он жастамын,
Ол да – онда!...

Атам менің желпініп:


«Ер жігіттің – серті нық!...
Құрдасыңа сай болып,
Көрсет, - дейді, - өр қылық!...»

Биік болса мақсатты ой,


Құрдас... деген жақсы –ақ қой!
Асып –тасып кей –кейде,
Кеткім келер бастап той!...

Асқақтату ізгі әнді,


Өрлік дер ем бұл дағы:
Өйткені өмір – Ұлы той,
Тарқамайтын думанды...

Бойкүйездік жат маған,


Елім еркін,
Шат заман!...
Мен: Әлемге –
ТӘУЕЛСІЗ,
ҚАЗАҚПЫН, - деп мақтанам!...
Өтепберген Ақыпбекұлы
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН, ЖАЙСАҢ ХАЛҚЫМ!
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,


Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,


Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,


Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,


Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?

Жарқырап жанған күндей азаттығы,


Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Ж. Ақылбайұлы
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.

Отан- тарих, Отан- тіл,


Жасаған елің, ер халқың.
Отан- өлең, Отан- жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,


Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Б. Ысқақов


ҚАЗАҒЫМ – ЕЛІМ

Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,


Осындай Отан сыйладың маған.
Осында туып, осында өскен
Әулие әжем, баһадүр бабам.

Жәннаттан артық ғажабым менің –


Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім.

Дариядай тасыр дәулетің ертең,


Шұғыладай жайнар сәулетің көркем....
Тебіренте жүрек терімді төгем,
Болардай ырза әулетің ертең!

Жәннаттан артық ғажабым менің –


Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім!
М. Әлімбай
Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам– дінім, иманым,
Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады....
Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.

«Тілім – шұбар, тегім –күмән, имансызбын , дінсізбін,


Өз - өзімді алдарқаттым», - дедім, - елге мұңсызбын,
Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,
Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.
Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,
Өзімді өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.
Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,
Отаршылға оқ боп тиген Кенесары , Ағыбай.

Төл тарихтан бейхабармын, айтуға оны арландым,


Ажыратпай ғасыр озды, ақиқат пен жалғанды,
Көзайым боп таптым қайта Ахаң, Жахаң, Жүсіпбек,
Шер көңілді Шәкәрім мен ұлы ақын Мағжанды.

Кіл қаймағын қалқып алған, көк жасығын қалдырып,


Отызыншы жылғы ойраннан қауым қалды мәңгіріп.
Арманда өткен Бейімбеттің, Ілиястың, Сәкеннің,
Тым болмаса жатқан жерін табармыз деп жанды үміт.
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.
Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік.
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың.


Ж. Игіман
Қосымша 2
Даналардан шыққан сөз
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады.
Қазыбек би.

Алтын ұяң - Отан қымбат,


Құт береке – атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді – анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Төле би

Туған жердей жер болмас,


Туған елдей ел болмас.
Әйтеке би
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
Ғабит Мүсірепов

Екі Отан жоқ.


Жалғыз Отан – мекенің
М. Мақатаев

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін- дағы өрге бас.


Мұхтар Әуезов

Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды.


Баубек Бұлқышев

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.


Ахмет Байтұрсынұлы

Отан – адамның туып -өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс- салт, әдет –ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.


Бауыржан Момышұлы.
Отан – от басынан басталады, демек өз бесігің , өз үйің.
Бауыржан Момышұлы
Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.


Д. Байрон.

Өтелмейтін қылмыс бар: ол – Отанға опасыздық жасау.


П.Буаст.

Отырар ойран болар ма,


Бір сатқын жығып бермесе ?!
О. Сүлейменов
«Отан » дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұратын комплекс. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді
М. Арын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет