10.1. Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге Ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.
Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және (немесе) қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс.
ҚР Үкiметiнiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен 10.2-тармақ өзгертілді
10.2. Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында — 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi.
10.3. Елдi мекендерден тыс мынадай қозғалыстарға рұқсат етiледi:
жеңiл автомобильдерге және рұқсат етiлген максималды массасы 3,5 т. аспайтын жүк автомобильдерiне автоарналарда — 110 км/сағ. артық емес, қалған жолдарда — 90 км/сағ. артық емес жылдамдықпен;
халықаралық және ерекше шағын автобустарға және мотоциклдерге 90 км/сағ. артық емес;
басқа автобустарға, тiркеме сүйреткен кезде жеңiл автомобильдерге, рұқсат етiлген максималды массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне автоарналарда — 90 км/сағ. артық емес, басқа жолдарға — 70 км/сағ. артық емес.
10.4. Көлiк құралдарының жылдамдығы:
жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде — 60 км/сағ.; механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде — 50 км/сағ.;
қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде — белгiленген көлемнен аспауы тиiс.
ҚР Үкiметiнiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен 10.4-1-тармақпен толықтырылды
10.4–1. Елді мекендерде және елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскілерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 км/сағ. дейін, автобустардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады.
10.5. Жүргiзушiге:
көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;
көлiк құралында белгiленген «Жылдамдықты шектеу» айырым белгiсiнде көрсетiлген жылдамдықтан асыруға;
Осы жерде және бұдан кейiн айырым белгiлерi Негiзгi Ережелерге сәйкес көрсетiледi. қажеттiлiк болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға;
егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.