Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет13/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси

13. Көше қиылысын өту


13.2. Көше қиылысына немесе жүрiс бөлiгi өтпесiне, егер жүргiзушiнi аялдауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, көлiк құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшiн кедергi келтiре отырып шығуға тыйым салынады.
13.3. Жүргiзушiге шолуды шектейтiн, iлеспе бағытта қозғалатын көлiк құралының алдына түсуге тыйым салынады.
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлiк құралы аялдаса, онда көршi жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мұның қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты жалғастыра алады.
13.4. Қозғалыс кезектiлiгi бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетiн болып есептеледi.
Жұмыс iстемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезiнде немесе реттеушi жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтiн болып есептеледi және жүргiзушiлер реттелмейтiн көше қиылыстарын өту ережелерiн және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгiлерiн басшылыққа алады.
Реттелетiн көше қиылыстары
13.5. Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде Ереженiң 5.6-тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.
13.6. Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытында қозғалған кезде жүргiзушi басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.
13.7. Егер бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналы трамвайға және рельссiз көлiк құралына бiрдей уақытта қозғалуға рұқсат беретiн болса, онда трамвай, оның қозғалысы бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытымен қозғалған кезде трамвай басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге тиiстi.
13.8. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы кезiнде көше қиылысына кiрген жүргiзушi көше қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгiлi бағытқа шығуға мiндеттi. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргiзушiнiң бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) 5.33 белгiсi болса, жүргiзушi әрбiр бағдаршамның сигналын басшылыққа алуға мiндеттi.
13.9. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда жүргiзушi көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлiк құралына және осы бағыттағы жүрiс бөлiгiнде өтудi аяқтамаған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
13.10. Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы үстiндегi жүргiзушi, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлiк құралына кедергi тудыратын болса, iске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруы тиiс.
Реттелмейтiн көше қиылыстары
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 13.11.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13.11. Тең емес мәндегi жолдардың қиылысында, екiншi дәрежелi жолдың бойымен қозғалушы көлiк құралының жүргiзушiсi олардың әрi қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған, оның iшiнде кейiн қарай бұрылуды жүзеге асыратын көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргiзушi көше қиылысында керi айналуды жүзеге асырмас бұрын екiншi дәрежелi жолмен көше қиылысына жақындаған көлiк құралының оған жол беретiндiгiне көз жеткiзуi тиiс.
13.12. Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргiзушiлер бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесiн өзара басшылыққа алуға мiндеттi. Екiншi дәрежелi жолмен қозғалып келе жатқан жүргiзушiлер де осы ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.13. Бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысында рельссiз көлiк құралдарының жүргiзушiсi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi. Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссiз көлiк құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
13.14. Солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бiрдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.15. Егер жүргiзушi жолдың төсенiшi бар-жоғын айқындай алмаса (тәулiктiң қараңғы кезi, балшық, қар және сол сияқты), басылымдылық белгiлерi болмаса, ол екiншi дәрежелi жолдамын деп есептеуi керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет