16.1. Автоарналарда мыналарға:
көлiк құралдарынан тыс жаяу жүргiншiлердiң, сондай-ақ үй хайуанаттарының, велосипед, мопед, трактор және өздiгiнен жүретiн машиналардың, сондай-ақ жылдамдығы техникалық сипаттамалары бойынша немесе жай-күйiне орай 40 км/сағ. кем өзге де көлiк құралдарының болуына; рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. көп жүк автомобильдерiнiң екiншi жол жолағынан әрi қозғалуына;
тұрақ үшiн 5.15 немесе 6.11 белгiлерiмен белгiленген арнаулы алаңнан тыс аялдама жасауға;
бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында керi айналуға және оған кiруге;
артқы жүрiспен қозғалуға;
үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.
16.2. Жүрiс бөлiгiнде амалсыздан тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын Ереженiң 7-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес белгiлеуге және оны осыған арналған жол жолағына (жүрiс бөлiгiн белгiлейтiн сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолдануға мiндеттi.
16.3. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ 5.3 белгiсiмен белгiленген жолдарға да қолданылады.