15.1. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi темiржол жолдарын поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып тек қана темiржол өтпелерi бойымен кесiп өте алады.
15.2. Темiржол өтпесiне кiру жолында жүргiзушi жол белгiлерiнiң, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшiнiң нұсқауын басшылыққа алуға, және бұдан басқа, жақындап қалған поездың (локомотивтiң, дрезинаның) жоқ екендiгiне көз жеткiзуге мiндеттi.
15.3. Мынадай жағдайларда өтпелерге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);
бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде (шлагбаумның орналасуына немесе оның бар екендiгiне қарамастан);
өтпе бойынша кезекшiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесiн немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерiлген қолында - жезл, қызыл фонарь немесе жалаушы, не екi жағына қолдарын созып);
егер өтпенiң арғы жағында жүргiзушiнiң өтпеде аялдауға мәжбүр ететiн тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса;
егер өтпеге көрiну шегiнде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса;
Бұдан басқа:
темiржол жолдарын темiржол өтпелерiнен тыс жерден өтуге;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесi алдында тұрған көлiк құралын айналып өтуге;
шлагбаумды өздiгiнен ашуға;
жол өтпесi арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа машиналар мен механизмдердi көлiк емес жағдайда алып шығуға;
темiр жол әкiмшiлiк-техникалық бөлiмше бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы 8 км/сағ. кем баяу жүретiн машиналарды, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелер қозғалысына тыйым салынады.
15.4. Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргiзушi тоқтау-сызығының, 2.5 белгiсiнiң немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда - темiржол өткелi шекарасында аялдауы тиiс.
15.5. Өтпе үстiнде амалсыздан аялдаған кезде жүргiзушi дереу жолаушыларды түсiруi және өтпенi босату үшiн шаралар қолдануы тиiс. Сонымен, бiр мезгiлде жүргiзушi мыналарға мiндеттi:
мүмкiндiк болған кезде жол бойымен екi адамды екi жаққа өтпеден 1000 м (егер бiреу болса, онда жолдың нашар көрiнетiн жағына), оларға жақындап келе жатқан поездың (локомотивтiң, дрезинаның) машинисiне аялдау сигналын беру ережесiн түсiндiрiп, жiберуге;
көлiк құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын беруге;
поезд көрiнген бойда аялдау сигналын берiп, оған қарсы жүгiруге;
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндiз ашық түстi матаның қиындысымен немесе қандай ма болмасын жақсы көрiнетiн затпен, түнде шырақпен немесе фонарьмен) аялдау сигналы болып табылады. Бiр ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.