Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет62/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

зерен тостақты
лып еткізіп шалының 
созылған қолына ұстата қойды. Киеван 
табақтағы
көкнәрді 
тостаққа
 
шүпілдете құйып, түбіндегі тұнбасын қалтаға сарқыды да, кеудесін көтеріп 
суға сүңгитін адамдай терең дем алды... Үй іші тіріліп сала берді. Оң жақ 
қабырғадағы 
жинаулы жүк,
босаға жанындағы ілулі киім, тызылдап жанып 
тұрған 
ондық шам

жаюлы дастарқан

сары самаурын
жанында төбесі 
кемпіректен
асар-аспас боп отырған шүйкедей қара кемпір – бәрі-бәрі де 
жанарына енді ілікті 
(«Тіршілік»).
Осы жолдардан
 
автордың мәтіннен тыс болмысы, мәдениеті халық 
мәдениетімен астасып, біте қайнасып жатқандығын көреміз. Осыншама ұлттық 
құндылықтарды шашау шығармай, артық кетпей, дәл, нақты суреттеп, бір 
сөйлемнің бойына сыйдырып бере білу, әрине, шеберлік. Бұл тұста автор 
көнерген сөздерді де орынды қолдана білген. Жоғарыдағы мысалдағы 
«кемпірек»
сөзі қазіргі күн тұрғысынан қарағанда түсініксіз, мағынасы 
көмескіленген атаулардың қатарына жатады. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде бұл 
сөзге мынадай анықтама берілген: «Кемпірек – шай демдеген шәйнекті қою 
үшін самаурынның оттығына кигізетін бөлігі» [122, 592 б.].
Қазақ десе алдымен сайын дала, киіз үй, киіз үйдің ішіндегі сары 
самаурын, қара қазан, жез құман, зерен тостақ елестейді. Бір қарағанда 
қарапайым зат атаулары болғанымен, шығарманың эстетикалық құндылығын, 
ұлттық бояуын, нақышын келтіріп, оқырманды өзіне еріксіз тартып тұрған да – 
осындай мәдени тілдік бірліктер. Мұның барлығы да жазушының танымдық-
мәдени тезаурусын құрайды.
Мәтінде кездесетін семантикасында ұлттық компонент қамтылған 
лексикалық бірліктердің толық түсінілмеуі немесе жартылай танылып, 
түйсінілуі мынадай бірқатар факторлармен байланысты деп ойлаймыз: оқырман 
мен көркем мәтін авторының мәдени қорларының арасындағы едәуір 
айырмашылық, екеуінің көлем жағынан тең келмеуі, адам жадының 
шектеулілігі, білім қорының әр түрлілігі т.б.
Демек, жеке тілдік тұлғаның шығармашылығы арқылы оқырман тұтас бір 
ұлттың өмірі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан, өткен 
тарихынан хабардар болады. Қорыта келгенде 
автор – мәтін – оқырман
арасындағы байланысты зерттеуде мәтіннің артында тұрған болмыстан, 
халықтық таным мен қазақи мәдениеттен тыс ешқандай нәтиже шығаруға, 


88 
жаңалық ашуға болмайтыны байқалады. Демек, әрбір «мәтіннің семантикалық 
кеңістігі – ұлттық дүниетанымның көрінісі. Кез келген көркем шығармада 
автордың дүниетанымы мен ішкі болмысы көрінеді деген уәжді мойындасақ, 
онда, әрине, мәтіннің де ішкі мәндік құрылымындағы менталдықты жоққа 
шығармаймыз. Мәтіннің семантикалық кеңістігінде ұлттық білім мен білік 
жинақталған, оның мазмұнындағы менталдық кеңістікті өзіндік ерекшелігі 
ретінде бағалау қажет. Жалпы адамзаттық мәселені көтеру – мәтіннің мәнін 
анықтаса, ұлттық негіз бен ұлттық болмысты таныту мазмұнда көрініс табады» 
[64, 251 б.] деген ғалым А.Салқынбайдың мәтінтанудағы пікірі айтар 
ойымызды толығымен аша түскендей. Мәтін түзуші автордың сан салалы 
қиялына, ұлттық дүниетанымына шек жоқ. Десек те, оны қабылдаушы 
оқырманның да дүниетанымы, білімі, мәдениеті соған сай болғаны абзал. 
Себебі автор мен оқырман арасында сәтті диалогтің болуы үшін автор 
оқырманның тілдік білімімен, ұлттық танымымен, жалпы өмірге, әлемге деген 
түсінігімен санасқан жағдайда шығарманың мәтіні шынайылыққа ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет