84
– жарты жетім, Анасыз жетім – нағыз жетім» деген. Бұл ауыр тақырып жазушы
Д. Исабеков шығармасынан да көрініс тапқан.
Жалпы жұртшылыққа қатал
көрінген Шойынқұлақ Олжабектің анасыз өскенін естіп, оған деген көңілін
өзгертті.
«
Менің анам жоқ,
дедім төмен қарап. Олжабек үлкен қой көздерін
маған бір тастады да, орынсыз берген сұрағына ыңғайсызданып қалды. – Қой,
қайғырма,
деді ол біраз үнсіздіктен соң маған көңіл айтқан болып. – Мен де
анамнан дәл сендей кезде ажырағанмын»
[93, 4 б.]. Тағдырдың түрлі қиындығы
салдарынан әкесіз, анасыз қалған балаға
қазақ халқы ерекше ілтипатпен,
мейіріммен қараған ғой. Қазақтың бұл қасиетін де жазушы тыста қалдырмай,
оқырманның
жұмсақ
көңіліне
жеткізуді
мақсат
еткен.
Жазушы
шығармаларындағы әрбір оқырманның жүрегін селт еткізетін мұндай сәттердің
коммуникативтік, прагматикалық ықпалы анық [114, 38 б.].
Кез келген көркем туындының мазмұнында белгілі бір мөлшерде сол
халықтың мәдениеті мен тарихынан хабар беретін ақпараттар тасқыны болады.
Біз жоғарыда Д. Исабеков шығармаларында кездесетін
рухани құндылықтарға
шолу жасау арқылы тіл мен мәдениеттің біртұтастығына одан әрі көз жеткізе
түстік. Халықтың рухани болмысы мен арман-қиялының,
ой-өрісінің
нәтижесінде күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтейтін әр түрлі заттық
(материалдық) мәдениет үлгілері дүниеге келгені белгілі. Біз зерттеп отырған
Д. Исабеков шығармаларында қолданылған материалдық
мәдениет лексикасы
да көркем шығарманың ұлттық колоритін қалыңдата түседі. Ол қандай
тақырыпта ой қозғаса да, ешқашан қазақы танымнан, қазақы болмыстан, ұлттық
құндылықтардан алыстап кетпейді. Жазушы төл лексиканың ішінен көне киім-
кешек, құрал-жабдық,
сауыт-сайман, ыдыс-аяқ, әшекей бұйым,
ас-тағам, т.б.
атауларын, яғни тұрмыстық реалияларды еркін қолданады. Мәселен, киім-
кешек атаулары:
кебіс, жібек шапан, сырма шапан, шекпен, кимешек, ит
көйлек, шәлі орамал, жібек көйлек, бөрік, сәукеле, жаулық, мәсі, барқыт
бешпент, қасқыр ішік,
т.б. Мысалы:
«Ана кіші келінім, – дейді төрде отырған
Достарыңызбен бөлісу: